13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Бизнеске жол»: Шымкентте 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
«Бизнеске жол»: Шымкентте 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды
Share on FacebookShare on Twitter

2600-ден астам бизнес өкілдерімен кездесу өткен. Шымкент қаласында 700 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев брифинг барысында мәлімдеді. Спикердің сөзінше, департамент «Бизнеске жол» жобасы аясында 700-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғап, 2600-ден астам бизнес өкілдерімен 55 кездесу өткізген. Ж.Жұмабаевтың айтуынша, бизнес жер қатынастары, салықтық және кәсіпкерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау салаларындағы кедергілерге жиі шағымданады.

Жыл басынан бері Департаменттің ұсынысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде 1-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, брифинг барысында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті. “2022 жылы кәсіпкерлер палатасының қарауына 200-ге жуық өтініштер келіп түссе, оның ішінде 63,8 пайызы оң шешімін тапқан.

85 миллион теңге сомасына құқықтар қорғалған. Бұл негізінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша төленген борыштар сомалары, негізсіз әкімшілік айыппұлдар т. б. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда бизнестің 25 жүйелі мәселесі қаралып, оның 90 пайызы бизнестің пайдасына оң шешілген”, — деді ол Соңында спикерлер бизнесті адал жүргізуге шақырып, тек адал кәсіпкер ғана әрқашан заң шеңберінде қорғауға және көмекке сене алатындығынан хабардар етті. Сондай-ақ, Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы мәлімет беріп, онда сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты және лауазымды тұлғалар тарапынан басқа да әкімшілік кедергілерді сеніп тапсыруға болатынын жеткізді.

Previous Post

Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық конкурс басталады

Next Post

Шымкентте жылу беру маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі