13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық конкурс басталады

14 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін ипотекалық конкурс басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек. Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша қосымша конкурс ағымдағы жылдың 20 маусымынан – 10 шілде аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Өтініштер тұрғын үй кезегінде тұрған барлық азаматтардан, сонымен қатар «Бақытты отбасы» бағыты бойынша мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар санаттары бойыныша да қабылданады. Пулға өтініштерді беру Банктің Otbasybank.kz. интернет-ресурсында жүзеге асырылады. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 12 қабатты №46,№47,№48 тұрғын үйлерде орналасқан.

Жалпы 1-бөлмелі пәтер саны 18, оның ең үлкен аумағы 32,98 шаршы метрді құрайды. Конкурсқа қатысушылар үшін бастапқы жарна 20% жинақ шотында болуы керек, ал «Бақытты отбасы» бағыты бойынша қатысушылар үшін – несие сомасының кемінде 10%-ы жинақталуы тиіс. Конкурстан өткен қатысушыларға ипотекалық несие 5 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделеді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Конгрес-холл биыл пайдалануға беріледі

Next Post

«Бизнеске жол»: Шымкентте 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі