13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери қызметшілердің балаларына мерекелік шара ұйымдастырылды

16 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери қызметшілердің балаларына мерекелік шара ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Өскелең  ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, «Отан Қорғаушы» мамандығын       кеңінен насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін көтеру мақсатында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің және бағынысты қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармаларының әскери қызметшілері мен балалары арасында ұйымдастырылған «Отан – отбасынан басталады»,  «Соғыссыз әлем»  сурет салу өнер байқауы және  «Әскери қызметшінің отбасындағы бақытты сәттер (әскери қызметшілердің балаларының көзімен)» әскери қызметшілердің балалары  арасында Республикалық деңгейде өткізілген фотосуреттер байқауында  ерекше талантымен көзге түскен Шымкент қаласы жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілерінің балалары Мадина Тілеулес Нурсалибидинқызы мен Нұрман Нұрайлым Серікқызының еңбектері  жоғары бағаланып  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті басшылығы атынат арнайы сертификат табысталды,  «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай байқауға қатысушыларды марапаттау мерекелік шарада Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник А.Шегебаев марапаттап, бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Әр тақырып бойынша жүлделі орындар тағайындалып, оларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, бүлдіршіндер «Ең таңдаулы туынды», «Ғажайып туынды», «Ізденімпаз суретші», «Көрермендер көзайымы» номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды. Ал жүлдеге ілінбей қалған барлық қатысушыларға «Ынталандыру» ретінде тәттілер тарту етілді.  Мерекелік шара Шымкент қалалық қуыршақтар мен жасөспірімдер театрының өнерпаздары  ұйымдастырған қойылымға ұласты. Балалар  жылжымалы «Кел бірге ойнайық»  спектаклін тамашалады. Жылжымалы қуыршақтар театрының ұжымы аталған қойылым арқылы бүлдіршіндерді еңбексүйгіштік пен бауырмалдылыққа  шақырды. Қойылымның әсерлі болғаны сонша, бүлдіршіндер спектакль аяқталғанда  кейіпкерлерге тік тұрып, ерекше қошемет көрсетті. Іс-шарадан соң бүлдіршіндер ата-анасының жұмыс орнымен танысып, ерекше қуанышты екендерін, болашақта ел қорғайтын азаматтар болғысы келетіндерін айтты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкентШымкент гарнизонықорғаныс
Previous Post

Түркістан облысы: Білім саласында жаңа жобалар қолға алынады

Next Post

Шымкентте көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталуға жақын

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі