13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 миллион теңге субсидия берілген. Шымкент — Қазақстанның республикалық маңызы бар қала қатарында болғанымен өзіндік агро-белдеуі бар ерекше аймақ. Осыған сәйкес, қала аумағында мал шаруашылығы саласы да қарқынды дамып келеді. 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 1 074,0 миллион теңге субсидия (393 өтінім) берілген болса, биыл бұл бағытқа жергілікті бюджеттен жалпы 1 071,8 миллион теңге қаржы қаралған. Қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету жалғасып келеді.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өткізген сүтінің құнын арзандатуға, мал басын көбейтуге, асылдандыруға, селекциялық жұмыстарға, құс еті мен жұмыртқа құнын арзандату, мал азығы құнын арзандату және тағы сол сияқты бағыттарға мемлекет тарапынан 350 миллион теңгеге жуық субсидия қаражаты төленді. Субсидиялау бағыттары бойынша: Етті мал шаруашылығы — Асыл тұқымды мал сатып алуға 150 000-300 000 теңге; — Бордақылау алаңдарына өткізілген бұқашыққа 200 теңге (1 кг тірі салмағына);

— Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 10 000 теңге;

— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-50 000 теңге;

— Сүтті мал шаруашылығы

— Асыл тұқымды мал сатып алуға 200 000-400 000 теңге;

— Өндірілген сүттің 1 кг 20 теңге;

— Асыл тұқымды ұрық сатып алу 5 000-10 000 теңге дозасы;

— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 35 000-70 000 теңге.

Жылқы, түйе, шаруашылығы — Асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;

— Өндірілген сүттің 1 кг 60 теңге;

— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 30 000 теңге. Құс шаруашылығы

— Асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алуға 60 теңге;

— Өндірілген 1 дана жұмыртқаға 3 теңге;

— Өндірілген құс етіне 1кг 50 теңге; Қой, ешкі шаруашылығы

— Асыл тұқымды мал сатып алуға 15 000-40 000 теңге;

— Бордақылау алаңдарына өткізілген еркек тоқтыларға 3 000 теңге;

— Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 2 500-4 000 теңге;

— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 8 000 теңге Доңыз шаруашылығы

— Шет елден аналық асыл тұқымды мал сатып алуға 100 000 теңге;

— Асылдандыру жұмысына жылына 1 басқа 40 000 теңге;

— Жұмсалған мал азығына 1 басқа 7 000 теңге. Бал ара шаруашылығы

— Селекциялық асылдандыру жұмысына 1 балұяға 5000 теңге;

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарынан консультациялық кеңес алуға болады.

Previous Post

Шымкентте шетелдік азаматтар қазақ тілін үйреніп жүр

Next Post

ШЫМКЕНТ: Елдімекендердің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі