13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте шетелдік азаматтар қазақ тілін үйреніп жүр

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте шетелдік азаматтар қазақ тілін үйреніп жүр
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақша үйренуге ниет білдірген Ресейден, Ауғанстаннан, Украинадан, Татарстаннан, Әзірбайжаннан келген шетелдік азаматтар қазір мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейінде сөйлей алады. Бүгінде Шымкент қалалық тілдер орталығында қала тұрғындарымен қатар шетелдік азаматтар да тіл үйреніп жүр. Қазақша үйренуге ниет білдірген Ресейден, Ауғанстаннан, Украинадан, Татарстаннан, Әзірбайжаннан келген шетелдік азаматтар қазір мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейінде сөйлей алады. Орталық мамандары шетелдіктерді қазақшаға баулып қана қоймай, оларға еліміздің тарихы мен тыныс-тіршілігін таныстыру мақсатында көрікті жерлер мен тарихи орындарға саяхат сабақтарын ұйымдастырып отырады.

Жалпы, орталықта тіл үйренгісі келетін азаматтарға барлық жағдай жасалған. Мұғалімдер түрлі тәжірибелерді қолданып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында аянбай еңбек етуде.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Достық» үйінің «Бірлік» алаңында қолға алынған мемлекеттік тілді оқыту курсына қатысушылар саны артып келеді. Бүгінде 30-ға жуық этнос өкілдері аптасына екі рет бас қосып, қазақ тілін оқып-үйренуде. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» бірлесе қолға алған жоба аясында жастарға сабақтан, жұмыстан тыс уақытта тіл үйрену курсына қатысуына жағдайлар жасалған. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің мәліметінше, былтыр «Достық» үйінде ашылған «Бірлік» алаңына жүктелген маңызды төрт міндеттің бірі – этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйрету болатын.

Осы бағытта қалалық ассамблея 8 жоғары, 22 орта арнаулы оқу орындарымен екіжақты меморандум түзіп, соның аясында мегаполистегі этнос жастарына мемлекеттік тілді оқыту жобасын іске асырып келеді. Тіл үйретудің тиімді практикалық әдістерін қолданып, жастарды оқытып-үйретіп жүрген қалалық «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының» оқытушысы А.Оспанованың айтуынша, шымкенттік этнос жастарының басым бөлігі қазақ тілін түсінеді. Бірақ ойын айтудан және еркін сөйлеуден қысылады.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Қала әкімі Вьетнам инвесторларымен кездесті

Next Post

Шымкентте мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі