13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті

6 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Гарнизонда тактикалық-саптық сабақтар өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.​Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде жаздың алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі түрде жаңа оқу кезеңінің басында барлық санаттағы әскери қызметшілермен өткізілетін тактикалық-саптық сабақтар өткізілді. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сабақ барысында олар дабыл бойынша дағдыларын бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылынан бастап техниканың жауынгерлік машиналар паркінен шығуына дейін, сондай-ақ басқа бөлімшелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды пысықтады. Дабыл бойынша көтерілген жеке құрам белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есеп бойынша тапсырмаларды орындауға кірісті. Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде кезекші бөлімшенің, бөлім бойынша кезекшінің іс-қимылдары, бақылау тобының жұмысын ұйымдастыру, жеке құрамға қару-жарақ пен мүлікті беру, қару-жарақ пен әскери техниканы қысқа мерзімді сақтаудан алу тәртібі және әскери техниканы жауынгерлік машиналар паркінен шығару сияқты іс-қыймылдар орындалды.

— Жауынгерлік дайындық апталығының негізгі мақсаты — бөлімшелердің жауынгерлік дайындық деңгейін бағалау және жеке құрамның дабыл бойынша іс-қимылдарын пысықтау. Осындай іс-шаралар барысында біз бөлімшелерге қойылған міндеттерді белгіленген мерзімде орындаудың нақты мүмкіндіктерін тексере аламыз, — деді механикаландырылған бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов. Дабыл қағылған кезде бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, әр жауынгердің өз міндеттерін шебер орындауына ерекше назар аударылды. Ал, жауынгерлік дайындық бойынша кешенді тактикалық-саптық сабақтар аяқталғаннан кейін жеке құрам мамандығы бойынша даярлыққа кіріседі, оған бір жарым мыңға жуық әскери қызметші тартылады.

Айта кетейік, Шымкенттегі Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бригадасында жаңадан келген жас толымның әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Алматы қаласынан шақырылған отыз әскери қызметші Отанына адал қызмет етуге ант берді. Жас сарбаздар әскерге шақырылғаннан кейін бір ай ішінде алғашқы әскери дайындық курсынан өтіп, саптық, дене шынықтыру, атыс даярлығының, жалпы әскери жарғылардың негіздерін оқып, оқу полигонында практикалық атыстарды орындағанын атап өткен жөн. Алда олар механик-жүргізуші, радиотелеграфист, планшетші, электрик және басқа да көптеген мамандықтарды игереді.

Previous Post

САЙРАМ: ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Ынтымақ-2 елдімекеніне табиғи газ тартылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі