13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК АТҚАРҒАН ҰСТАЗ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

4 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК АТҚАРҒАН ҰСТАЗ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №26 Қашқари атындағы жалпы орта мектебінің ардақты ұстазын зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті.

Оқу ордасында жарты ғасырға жуық қызмет атқарған Ергешова Хамида ханым ұзақ жылдар бойы тарих пәні мұғалімі қызметінде болды. «ШАПАҒАТ-ПЕДАГОГ» жергілікті білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева өзінің құттықтау сөзінде зейнеткерге ғылым, білім саласына қосқан үлестері мен шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, сый-сияпаттар табыстады.
Ардагер-ұстаз оқу ордасында алғашқы қызмет атқарған шақтарын еске алып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар мектеп басшылығы мен әріптестеріне, «Шапағат-педагог» кәсіподағына сый-құрметтері үшін ризашылығын жеткізіп, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ мерекелік іс-шарада Гульнара Тлеубердиева ханым №26 Қашқари атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алланазарова Саодат ханымды және география пәні мұғалімі Касимбекова Нигора ханымды Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаеваның және «Шапағат-педагог» жергілікті білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиеваның алғыс хатымен марапаттады
Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адамзат баласы құрметпен бас иеміз.

АЙта кетсек, білім алушылардың оқу жетістігін зерделеу тестінің қорытындысы бойынша облыс оқушылары бірден 4 орынға көтерілді. Бұл аймақтағы білім сапасының артылып келе жатқанын көрсетеді.

Мұндай прогреске республикалық және халықаралық білім конкурсының қатысушылары да қол жеткізді. Мысалы, жаратылыстану пәндері мен математика бойынша Президенттік олимпиадада Түркістандық команда ең үздік 5-тікке кіріп, өз нәтижелерін өткен жылмен салыстырғанда 30 %-ке көтерді.
XVIII Республикалық “Зерде” сайысының ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жұмыстары бойынша облысымыздың 12 оқушысы жеңімпаз атанып, көрсеткішті 42%-ке жақсартты. Сондай ақ, О.Жолдасбеков атындағы халықаралық математика мен механика пәндері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсына 7 қатысушыдан 4-уі жеңімпаз атанды.

Азия-Тынық мұхиті регионы” мен “Жібек жолы” халықаралық математика бойынша олимпиадалар қорытындысында Түркістан облысы өз көрсеткіштерін 12%-ға арттырды. Республикалық математика және жаратылыстану пәндері олимпиадасы бойынша 9%-ке. Ал республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми зерттеу сайыстарының нәтижесі бойынша 19 жеңімпаз атанып, сапа өткен жылмен салыстырғанда 27%-ке көтерілді.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста Мекемтас Мырзахметовпен кездесу өтті

Next Post

5 маусымнан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚО жаңа мекенжайда жұмыс істейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі