Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сол ұрпақты саналы да білімді етіп тәрбиелеу –басты міндетіміз. Соның бірі – патриоттық тәрбие мәселесі. Бұл адамзат тарихында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат.
Еліміздің ертеңгі сенімі – жас ұрпақтың бойына туған жерге, халқына деген сүйіспеншілікті оятып, патриоттық сезімге баулу, білімді, өнегелі ұрпақ етіп өсіру.
Патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады.
Осы орайда,өңірдегі білім ошақтарының ұжымы жас ұрпақты тәрбиелеуде жоспарлы кешенді жұмыстар атқарылуда. Тәрбие жұмысының азаматтық-патриоттық, көпмәдениеттік бағытын нәтижелі жандандыра отырып, мектепте біршама іс-шаралар өткізілуде.
Соның бір айғағы ретінде,оқушылардың «Құт мекенге танымал тұлға» Мекемтас Мырзахметовпен өткен кездесудіі атап өтуге болады.
Тау тұлға бүгінде 90-нан асты. Түлкібас ауданында «Құт мекенге танымал тұлға» тақырыбында кеш өтті. Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы ауылдық кітапханасында «Түркістанның таңдаулы туындысы» акциясы аясында «Құт мекенге танымал тұлға» тақырыбында кеш өтті. Кеш барысында оқырман қауым көрнекті ғалым, абайтанушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметовпен кездесті. Аталмыш шараға Ақсу-Жабағылы ауылының әкімі Ержан Меңлібеков, Тараз қаласынан кеш кейіпкерінің шәкірттері, Келес, Сарыағаш және Түлкібас ауданының құрметті азаматы Өміртай Қалықұлов, Түлкібас ауданының құрметті азаматы, белгілі сатирик Алпысбай Боранбаев қатысты. Шара барысында сөз алған облыстық «Farab» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова кеш қонақтарына жылы лебізін білдіріп, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың сый-сияпатын табыстады. Мектеп оқушылары кеш кейіпкерінің өлеңдерін оқып, шығармаларын орындады. Ал олар сахналаған әсерлі көрініс мазмұнды шараны қорытындыланды.
Мекемтас Мырзахметұлы 1930 жылы 9 мамырда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында туған. Ашаршылық заманымен тұспа-тұс келген балалық шағында аман қалуы сол заманның келбетін, қазақтың тағдырын көрсетеді. Өзінің айтуынша, әкесі Мырзахмет 1933 жылы дүниеден өткен соң, ашаршылық жылдары қасқырларға тап болып, анасы шарасыздықтан қарындасын қасқырларға қалдырып кеткен. Осылайша аман қалған тау тұлға бүгінде 90-нан асты.