13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА  ЖИЫН ӨТТІ

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА  ЖИЫН ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің базасында бөлім басшысы Н.Айдаровтың төрағалығымен жиын өткізілді. Бөлімнің бас мамандары, әдіскерлер, мектеп директорлары мен орынбасарлары қатысқан жиынның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу.
2. Ата-аналар жиналысын өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың, мерекелер қарсаңында мұғалімдер мен ата-аналар арасында сыйлық берудің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. «Қауіпсіз мектеп» жобасы.
4. Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің дайындығы мен қала сыртындағы лагерьлерге оқушылар жіберу туралы.
5. 2022-2023 оқу жылындағы жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру туралы
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламалар жасалды. Атап айтар болсақ, 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу бойынша электронды журналға қорытынды бағаларды мерзімінде сапалы толтыру керектігі айтылса, ата-аналар жиналысын өткізу барысында заңсыз ақшалай қаражат жинаудың, мерекелер қарсаңында мұғалімдер мен ата-аналар арасында сыйлық берудің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі сөз болды.

Сонымен қатар, «Қауіпсіз мектеп» іс шарасының мақсаты мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға тәрбие беру, оқушыларға өрт қауіпсіздігі, жол жүру ережесіне, су қауіпсіздігі және жер сілкінісіне қатысты ақпараттар беру, сынып жетекшілердің қауіпсіз мектеп тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізу керектігі, «Қауіпсіз мектеп» іс-шарасы барысында мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында құқық қорғау оргындарының қызметкерлерінің қатысуымен оқушы, ата-аналар арасында жиналыстар өткізіліп түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігін тілге тиек етті.
Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерьлердің дайындығы мен қала сыртындағы лагерьлерге оқушылар жіберу туралы да айтып өтті.

Сондай-ақ, бөлім басшысы Н.Айдаров «Жазғы кезеңде білім алушылардың білімін толықтыру және олқылықтарды жою бойынша жұмысты ұйымдастыру​ мақсатында жазғы мектеп жалпы орта білім беру ұйымдарының базасында ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық 1-8, 10-сыныптардың тілек білдірген білім алушылар үшін тегін ұйымдастырылады. Жазғы мектептің жұмысын сапалы жүргізу үшін ағымдағы оқу жылындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және білімдеріндегі олқылықтарды бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың талдаулары негізінде мониторинг жүргізіп, анықтап, диогностика нәтижелеріне сүйене отырып оларды жою мақсатында пәндер бойынша күрделі бөлімдердің, тақырыптардың тізбесін құру керек.

Талдаудың негізінде анықталған олқылықтар бойынша жазғы мектеп жұмысының маңыздылығын ескере отырып, ұйымдастыру жұмыстары бойынша ата-аналармен алдын-ала түсіңдіру жұмыстарын жүргізу қажет. Үлгерімі төмен және дарынды қабілетті оқушылардың білімдерін дамыту, толықтыру үшін​ жеке кеңес беруді қамтамасыз ету керек. Жазғы кезеңде «Оқуға құштар мектеп» жобасын белсенді іске асыруды жалғастыру, әдеби көркем шығармалар бойынша театрландырылған көріністерді ұйымдастыру керек» деп атап өтті.
Жиын соңында сұрақтар қойылып, ұсыныстар тыңдалды.

Previous Post

ТҮРКІСТАН: IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН РОБОТОТЕХНИКАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

АРЫС: "БІЛІМ STARS ЗИЯТКЕРЛІК ЖОБАСЫ" ІСКЕ АСУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі