13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН РОБОТОТЕХНИКАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗІЛДІ

25 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: IT ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН РОБОТОТЕХНИКАНЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жастар арасында IT технологиялар мен робототехниканы дамыту мақсатында Алматының «DOSTI» инновациялық орталығы «Dosti Түркістан» Түркістан филиалының көмегімен «мобильді робототехника» бағыты бойынша бойынша жолдастық чемпионат өткізді.

Бұл чемпионаттың негізгі мақсаты — Түркістан облысында өндірістік база құру үшін жастарды тартып қала инфрақұрылымын жаңғырту. Сондай-ақ жас ұрпақтың IT әзірлемелерге қызығушылығын арттырып кадр резервін дамыту.

Чемпионатқа «мобильді робототехника» бағыты бойынша Алматы және Шымкент қалалары, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Түркістан облысы және Шығыс Қазақстан облысының World Skills өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Ал «электроника» бағыты бойынша Алматы қаласы, Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Маңғыстау облысы және Түркістан облысының World Skills өңірлік чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты.

«Оқушылар арасында робототехника танымал болып келеді. Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Сондай-ақ қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Мысалы, қазан айында оқушылар Женевада өткен робототехникадан FIRST GLOBAL CHALLENGE әлем жарысында жеңіске жетті. Елімізде робототехниканы дамыту және танымал ету үшін «USTEM Robotics» қоғамдық қорымен бірлесіп мамандандырылған білім беру ұйымдарының оқушылары арасында алғаш рет республикалық роботтар фестивалі өткізілген еді. Жарыс жеңімпаздары робототехникадан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарына қосылып, алдағы уақытта «FIRST Kazakhstan 2023» республикалық финалына қатысуға мүмкіндік алды.Ұсынылған мәліметке сәйкес, соңғы екі жылда 2 мыңға жуық мұғалім робототехника курсынан өткен.

Previous Post

«РУХАНИ ТҮРКІСТАННАН – ЕЛОРДАҒА» ӘДЕБИ САПАРЫ ӨТТІ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА  ЖИЫН ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі