13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРА: «ЖАУҚАЗЫН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ БАЛАЛАР ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

2 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРА: «ЖАУҚАЗЫН» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ БАЛАЛАР ЛАГЕРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай демалыста балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі.

Бүгін Түркістан облысы Шардара ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Жаушықұм » мектеп-лицейінде жаз мезгіліндегі балалардың демалыс кезеңдерін сапалы да, тиімді өткізу мақсатында ата-аналардың қолдауымен «Жауқазын» жазғы сауықтыру балалар лагерінің ашылу салтанаты өткізілді.
Лагердің ашылу салтанатында мектеп-лицей директоры: А.С.Тлегенов сөз алып, балаларды мерекемен құттықтап, жазғы демалыстарын көңілді де, қызықты өткізулеріне сәттіліктер тіледі.

Мерекелік іс-шара аяқталған соң, мекеме басшысы А.С.Тлегенов және ардагер ұстазымыз Турехулова Тамара апайдың демеушілігімен балаларға балмұздақ таратылды.

Айта кетсек, 2022-2023 оқу жылында облыста 17 жазғы сауықтыру лагерлері қызмет көрсетіп, жалпы қала сыртындағы лагерлер – 41 597 баланы, мектеп жанындағы лагерлер – 153 000 баланы қамту жоспарланған.Лагерлерде әлеуметтік жағдайына байланысты 23 207 бала бюджет есебінен тегін, 15 мыңға жуық бала ата-аналар есебінен ақылы демалатын болады. Бір баланың жазғы сауықтыру құны – 30 252 теңге. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен облыста 3 390 бала жазғы сауықтыру лагерлерімен тегін қамтылмақ.

Сондай-ақ, мектеп жанындағы бір мезгілгі тамақпен қамтитын – 330 лагерь, 580 ойын-сауықтыру алаңшалары балалар үшін тегін қызмет көрсетеді. Ал қала сыртындағы лагерлер маусым айының бірінші онкүндігінде ашылып, жаз бойы 6-8 ауысымда қызмет көрсетпек. Сондай-ақ, «Самал» лагерінде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 170 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Ал, 1050 бала республикалық «Балдәурен», «Бөбек» оқу-сауықтыру лагерлерінде сауықтырылады.

Түркістан облысында балалардың жазғы сауықтыруын ұйымдастыруға Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан мемлекет теңгеріміндегі «Самал» және «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде бір ауысымда 800 қосымша орын ашылады. Одан бөлек, Бәйдібек ауданда орналасқан «Тау Шыңы» демалыс аймағы жазғы сауықтыру лагері ретінде қосымша 150 орынмен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Ордабасыдағы «Орленок» жазғы сауықтыру лагерінің де қайта ашылуы қарастырылып, 150 орындықты 1 жаңа лагерь балаларды қабылдамақ.

Previous Post

СОЗАҚ: КІТАПҚҰМАРЛАР ВЕЛОСИПЕД ҰТЫП АЛДЫ

Next Post

САРЫАҒАШ: МЕКТЕП БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК 100 ТҰЛҒАСЫ» КІТАБЫНА ЕНДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі