13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ 50 ДАНА КІТАП СЫЙҒА ТАРТТЫ

2 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮЛЕКТЕР АУЫЛ МЕКТЕБІНЕ 50 ДАНА КІТАП СЫЙҒА ТАРТТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты Б.Момышұлы атындағы ЖОМ-ның 2009 жылғы түлектері «Ауылға кітап» жобасы аясында кезекті ауыл мектебіне 50 дана кітап сыйлады. Сыйға берілген кітаптар қазақ жазушыларының, тұлғалық даму, психология тақырыбындағы мұқабасы тартымды, пайдалы кітаптар.
Акция мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, мектеп кітапхана қорын кеңейту.

Іс-шара барысында мектеп директоры Н.Асилбеков сөз сөйлеп, жобаның жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашып, оқушылардың оқу мәдениетін, оқу сауаттылығын, ұлттық құндылықтарды, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға зор үлес қосады деп тілек білдірді. «Ауылға кітап» акциясының кітаптары мектеп кітапханасына тапсырылды. Осы үрдіс білім беру ұйымдарында жалғасын табуда.

Бұдан өзге, Түркістан облысы, Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты І.Есенберлин атындағы №54 жалпы орта мектебінде әр жылдары мектеп бітірген түлектер соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз мектебінің, ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналды. Биыл да 2002-2003 оқу жылында бітірген 20 жылдық түлектер мектепке Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілер сыйға тартты.

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар түлектерге шексіз алғысын білдіруде. Осы бағыттағы игі істер жалғасын табатыны сөзсіз.

Бұдан өзге, Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылы және Таукент кентіндегі қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерін бітіргеніне 20 жыл болған түлектер жаңа баспана тарту етті.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін білдіріп, игі іске ұйытқы болған түлектерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.
«Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін»,- деді аудан басшысы.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ БАҒАЛАУШЫЛАРЫНЫҢ І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Next Post

СОЗАҚ: КІТАПҚҰМАРЛАР ВЕЛОСИПЕД ҰТЫП АЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі