13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының директоры Тулегенов Қайрат, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Күнпейсова Перизат, Нарымбетова Мереке, Омаров Тұрар 4-11 сынып жетекшілерімен жиналыс өткізді. Жиналыста төмендегі мәселелер айтылды. Мектеп бітіруге арналған салтанатты шараларға ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынады. «Сынып сағаттарын өткізу кезінде, салтанатты түрде атестаттарды тапсыру кезінде, салтанатты шаралар өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге немесе аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынады. Соңғы қоңырау 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізіледі.

«9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 9 сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында тапсырады. Ал 11 сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді. Аттестаттарды тапсыру бойынша салтанатты іс-шарасы 20, 21, 22 маусым күндерінің бірінде өткізіледі.

Айта кетсек, әрбір мектептің салтанатты шараны, соңғы қоңырау өткізу туралы шешімдерді дербес қабылдайды. Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау өткізуге қатысты мектептердің осыған дейінгі дәстүрлерін қолдайтынын жеткізді. Дегенмен, вице-министр министрліктің нормативтік құжаттарында бұған дейін де, қазір де мұндай іс-шара қарастырылмағанын атап өтті. Соңғы қоңыраулар өткізілген жағдайда, министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырып, соның форматында өткізуді ұсынып отыр.

«Тағы бір айта кететін мәселе, 9-11 сынып түлектері бітіру емтихандарын тапсырады. 9 сынып бітірушілер қорытынды мектеп емтихандарын 2-13 маусым аралығында тапсырады. Ал 11 сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді. Аттестаттарды тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар өткізіледі, бұл іс-шараларды министрлік 20, 21, 22 маусым күндері өткізуді ұсынып отыр», — деді Ш. Каринова.

Сондай-ақ ол сынып сағаттарын өткізу кезінде, салтанатты түрде атестаттарды тапсыру кезінде, салтанатты шаралар өткізген кезде педагогикалық этиканы сақтау және сыбайластық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан іс-шараны өткізуге немесе аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді, жеке студияларды жалдап шақыру үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті. Педагогтерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық жасау бойынша ата-аналардан қаражат жинауға да министрлік тарапынан қатаң түрде тыйым салынады.

«Колледждерде қорытынды аттестаттау биыл 28 маусымға дейін созылады. Оларды биыл 144 мыңнан аса түлек аяқтайды. Колледж түлектерінің дипломдарын салтанатты түрде тапсыру рәсімдерін 28 маусым – 1 шілде аралығында өткізу ұсынылады», – деді оқу-ағарту бірінші вице-министрі.

Previous Post

АРЫС: БІЛІМ ОРДАСЫНДА ТЕД Х ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ХАЛЫҚҚА АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТИІМДІ БАҒАДА ТҰТЫНУҒА МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі