Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде 25-мамыр күні жоғары сынып оқушылары арасында әртүрлі салада жетістікке жеткен спикерлермен ТЕD х форматында кездесу өтті.
Форум мақсаты – қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой — пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сонымен бірге идеяның пайда болуы, қажеттілігі, маңызы, кімге керек деген сияқты бағытта талқылаулар жүргіздік.
Оқушылар өз идеяларын айтып, тақырыптар таңдады, оны талқылап, топтасып жұмыс істеді.
Оқушыларды көп мәселер толғандырады екен: қазақ тілі, ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, сутегін қолдану, энергия көздері, мүгедек адамдардың өмірге деген оптимистік көзқарастары, арақтың зияны, жақсылық пен жамандық т.с.с. Осы тақырыптарды өз деңгейлерінде ашып, ойларымен бөлісті.
Бұл өткізіліп жатқан семинарымызда ең қиыны тақырып таңдау, оны TED форматында ұсыну, біз соған қарай алғашқы қадамдарымызды жасап жатырмыз, осындай жұмыстарымыздың нәтижесінде мектепте TEDx конференциясын өткізуді мақсат қылып отырмыз. Бұл үшін әрине өте көп жұмыс істеу керек, бірақ ізденіс пен талаптың, қызығушылық пен табандылықтың арқасында бұл нәтижеге де қол жеткіземіз деп сенеміз.
Кездесуге заңгер Нағима Махмұтқызы, маслихат хатшысы Қайрат Ахметов, маслихат депутаты Бақтығали Ділдабеков және мектеп директоры Аманғали Жұмабеков қатысты.
Жиынға келген қонақтар сыбайлас жемқорлық туралы ойларын айтып, оқушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді.