«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты М. Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 1 маусым күні «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болып өтті.
Салтанатты жиында, қонақта Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, ақын, драматург, тіл жанашыры, Қазақстанның Еңбек Ері медалінің иегері, Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының лауреаты, Түркістан облысының құрметті азаматы Мұхтар Шаханов ағамыз және қала әкімі Гүлжан Мамытқызы, Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Әшімхан Тілеуханұлы, ауыл ақсақалдары, ардагер, ұстаздар, ата- аналар, 20 жылдық түлектер қонақта болды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды.
Мерекелік алғашқы құттықтау сөз кезегі Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызы «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтап, 11 сынып мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, құрметті қонағымыз, Мұхтар Шаханов ағамызға сый сыяпат жасап, мектеп демеушілеріне «Алғыс хатты» табыс етті.
Ақын, жазушы, тіл жанашыры, Түркістанның құрметті азаматы, салтанатты жиынның құрметті қонағы Мұхтар Шаханов ағамызға сөз кезегі берілді. Елге деген құрметін, жылы лебізін айта отырып, көпшілікке ақ тілек, ақ батасын берді.
9-11 сынып оқушылары Мұхтар Шаханов ағамыздың өлең шумақтарын оқып, ағамызға деген жүрекжарды өлеңдерін тарту етті.
М.Шахановтың сөзіне жазылған, Ш.Қалдаяқовтың Арыс жағасында әнін «Ұстаздар» тобы орындады.
Мектепті қимас сәтпен қоштасқалы тұрған 11 сынып мектеп бітіруші түлектері «Қош бол мектебім» әнін хормен орындады.
Балғын шақты балалық кезді артта қалдыра отырып, ортада мектеп вальсі биін биледі. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары 2003 жылы бітірген 20 жылдық түлектерге құттықтау сөз кезегі беріліп, алтын ұяға деген ыстық, ықылас лебіздерін білдірді. Салтанатты жиында жаңа өмірге қадам басқан мектеп түлектеріне сәт- сапар тілейміз. Жолдары ашық, Болашақтары жарқын болсын! деп еліміздің мақтаныштары болсын деген жақсы тілектерімен салтанатты жиыны аяқталды.