13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

МАҚТААРАЛ: «КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ — БІЛІМДЕ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
МАҚТААРАЛ: «КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ — БІЛІМДЕ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Дарынды оқушылардың мерейі үстем болды. Мақтаарал аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Кемел келешек кілті — білімде» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және спорт жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.

Салтанатты шараға Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов, Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев, “Аманат” партиясының төрағасы Мұхтар Сарсенов, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алданияз Жолдасов қатысып, үздіктер мен білім мекемелерінің басшыларын, пән мұғалімдерін және ата-аналарын құттықтап, медальдары мен дипломдарын табыс етті.

Сонымен қатар аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов жеңімпаз оқушылардың пән жетекшілеріне демалыс орнына тегін жолдама сертификатын табыстады.

«Мінеки, араға жыл салып, озат оқушыларымыз тағы да облыстық пән олимпиадасында биіктерден көрініп, баршамызды қуантып отыр. Бүгінгі қуаныштан туындап отырған сезімді Сіздер жақсы түсінесіздер, өйткені бұл қуаныш — сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Біз сіздерге үлкен сенім арттық. Ұстаздар, Сіздер әр кезде де біздің оқушыларымыздың биіктерден көрінуіне аянбай еңбек етіп келесіздер. Шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін» — деді, Бақыт Насырханұлы.

Іс-шара барысында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов жеңімпаз оқушылардың пән жетекшілеріне демалыс орындарына тегін жолдамалардың сертификаттарын табыстады.

Ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан келешегінің интеллектуалды тірегі мен ұстаздардың мақтанышы екенін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары – олимпиада жүлдегерлері мен талантты да қабілетті ұландардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған барлық пән мұғалімдері мен оқушыларға алғыс білдірді.

Previous Post

Түлкібас: “Білім беру ұйымдарында қаржылық есептілік пен қаржыландырудың айқындығын қамтамасыз ету және цифрландыру” тақырыбында жиын өтті

Next Post

ОТЫРАР: ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ: «А.БАЙТҰРСЫНОВ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі