13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас: “Білім беру ұйымдарында қаржылық есептілік пен қаржыландырудың айқындығын қамтамасыз ету және цифрландыру” тақырыбында жиын өтті

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түлкібас: “Білім беру ұйымдарында қаржылық есептілік пен қаржыландырудың айқындығын қамтамасыз ету және цифрландыру” тақырыбында жиын өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барып, облыстық семинарға қатысты. “Білім беру ұйымдарында қаржылық есептілік пен қаржыландырудың айқындығын қамтамасыз ету және цифрландыру” тақырыбындағы жиынға аудан/қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен бас есепшілері де бой көрсетті.

Облыстың бас ұстазы “Фаворит” жүйесі — қағазбастылықтан арылтып, есеп-қисаптың автоматтандыру арқылы ашықтықты көрсете алады дейді.

Бастама алдымен Түркістан, Кентау қалаларымен Түлкібас ауданының білім беру ұйымдарына 2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап пилоттық режимде іске қосылған. Қазірге таңда, Түлкібас ауданы білім бөліміне қарасты 60 орта мектепке “Фаворит” бұлтты бухгалтериясы сынақтан өтіп, жоғары көрсеткіш көрсетті. Мамандар, дәл осы сандық жүйенің қыр-сырын меңгеріп, әріптестермен тәжірибе алмасты.

Түлкібас ауданы білім бөлімінің басшысы Ержан Ізтайұлы баяндама оқып, «Фавориттің» негізгі артықшылықтары мен жүйені енгізу барысындағы жұмыстармен бөлісті. Бөлім басшысы сандық жүйені енгізудегі кедергі тұрақсыз интернет екенін алға тартты. Бөлімдегі интернет провайдерінің де, ішкі желінің де мәселелері барын жасырмады. Оны шешу үшін цифрландыру басқармасына хат жолданған.

Бірыңғай бұлтты бухгалтерия өз кезегінде, барлық бөлімдерді есепке алуға қауқарлы. Жүйеде министрліктің 456- бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары үшін есепке алудың барлық бөлімдері іске асырылды. Жүйе рөлдер мен өкілеттіктерді қатаң бөлетін шектеусіз пайдаланушыларды ұсынады. Қазақстандық платформа ақпараттық қауіпсіздіктің 5 деңгейі бойынша сертификатталған. Сатып алу порталымен интеграция бар. Ол сатып алу процесін автоматтандырып, орындалуын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, білім берудегі есеп, біліктілігі, өтілі және т. б. бойынша егжей-тегжейлі мәліметтері бар оқытушының цифрлық карточкасы, білім берудегі бұйрықты есепке алу процесі автоматтандырылған.

Previous Post

ЖАСТАР МУЗЕЙГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

Next Post

МАҚТААРАЛ: "КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КІЛТІ - БІЛІМДЕ" ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі