ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен 2023 жылғы 22-24 мамыр күндері Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Білім бәсекесінде 7-8 сынып оқушылары математика, физика, химия, биология, география және информатика пәні бойынша білімдерін сынады.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді терендетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және резерв құру.Олимпиадаға бүкіл Қазақстаннан 304 оқушы қатысты. Ал Түркістан облысынан 12 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
НӘТИЖЕСІНДЕ:
Күміс жүлдегерлер:
1. Сейтжаппар Гүлнұр — химия пәні, Түркістан Дарын
2. Байкожаев Балғын — математика пәні, Кентау БИЛ
3. Полат Дінмұхаммед — физика пәні, Кентау БИЛ
4. Тайрханов Сардорбек — биология пәні, Кентау БИЛ
Қола жүлдегерлер:
1. Сабиров Севдияр — география пәні, Кентау Дарын
2. Қалмахан Қуаныш — математика пәні, Кентау БИЛ
3. Ахмаджанов Абдулазиз — информатика пәні, Кентау БИЛ
4. Камилов Хасан — химия пәні, Кентау БИЛ иеленді.
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерді шын жүректен құттықтаймыз!
Айта кетсек, XVIII Республикалық “Зерде” сайысының ғылыми-зерттеу мен шығармашылық жұмыстары бойынша облыстың 12 оқушысы жеңімпаз атанып, көрсеткішті 42%-ке жақсартты. Сондай ақ, О.Жолдасбеков атындағы халықаралық математика мен механика пәндері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының конкурсына 7 қатысушыдан 4-уі жеңімпаз атанды.
“Азия-Тынық мұхиті регионы” мен “Жібек жолы” халықаралық математика бойынша олимпиадалар қорытындысында Түркістан облысы өз көрсеткіштерін 12%-ға арттырды. Республикалық математика және жаратылыстану пәндері олимпиадасы бойынша 9%-ке. Ал республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми зерттеу сайыстарының нәтижесі бойынша 19 жеңімпаз атанып, сапа өткен жылмен салыстырғанда 27%-ке көтерілді”.