Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының жылдық жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы «Əбунасыр Əль-Фараби атындағы орта мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында кəмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу мақсатында «Психологиялық жағымды қарым-қатынас – отбасы тəрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық тəжірибелік семинар өтті.
Семинарға облыс аудандарынан 18 әдіскер, 182 педагог-психологтар және150 ата-ана қатысты. Семинардың мақсаты: кəмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез- құлықтың алдын алу. Тәжірибелік семинар 2 бөлімнен тұрды.
Модераторлар: «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері Тлеубердиева Газиза Сабидулаевна және Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Алтеева Гульназ Бекежановна болды.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, бөлім басшысы — Қасымбекова Айгүл Ерхалиевна, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нуртанова Гульнар Бермаханбетовна облыстық тәжірибелік семинарды ашты.
Пленарлық бөлімде «Білім беруді дамыту орталығы» КММ әдіскері Тлеубердиева Газиза Сабидулаевна «Ата-анамен сепарация құпиясы», Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Алтеева Гульназ Бекежановна «Баланың тұлғалық дамуына отбасындағы психологиялық климаттың маңызы» тақырыптарында баяндама жасап, презентация ұсынды. №5 Горький атындағы жалпы орта мектеп педагог-психологтары Мавланова Гульмира, Маккамбаева Юлдуздың “Фасилитациясынан” кейін №47 ЖОМ педагог-психологы Исанова Наргиза Хаитматовна ата -аналармен «Қыз бала тәрбиесіне әлеуметтік желінің ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Келесі кезекте психологиялық тренинг «Бастауыш сынып окушыларының білім алуында ата-ананың рөлі және ата-анаға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында Мирзалиева Нигора Мамадалиевна, Айша Бибі атындағы ЖОМ педагог-психологы тренинг сабақ жүргізді. Ата -аналармен «Сіз кешірімді ата-анасыз ба?» тренинг Ордабек Айсұлу Күмісбайқызы №69 «Бескепе НОМ» педагог-психологы өткізді. Тренинг-погружение «Всё начинается с семьи…» Манжесова Светлана Николаевна №14 М.Сапарбаев атындағы ЖОМ педагог-психологы жүргізді.
Педагог-психологтармен жұмыс бөлімінде №51 Қауалов атындағы ЖОМ педагог-психологы Ауелбеков Нургали Темирбекович «Отбасылық тәрбие қандай?» атты коучинг, №52 Өзтүрік ат.ЖОМ педагог-психологы Хыдырова Жанна Рахметовна «Ата-ана мен бала арасындағы психоэмоционалды қарым-қатынасты нығайту жолдары» тақырыбында психологиялық тренинг, «Отбасында ұл бала мен қыз бала тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері» тренингін №92 ЖОМ педагог-психологы Убаева Артуғай Сайрамовна өткізді. Н.Тілендиев атындағы жалпы орта мектеп педагог-психологы Омаров Ғалымжан «Тәрбие тәсілі» тақырыбында пікірталас өткізді. №74 ЖОМ педагог-психологы Жанибекова Гулнар Ордабеконва «Менің отбасым- сыйластық орнаған орта» атты шебер сынып көрсетті.
Джумагулова Динара №52 Өзтүрік ат.ЖОМ педагог-психологы «Ата-ана мен бала қарым-қатынасының бала өміріне ықпалы» тақырыбында тренинг сабақ жүргізді. №69 «Бескепе НОМ» педагог-психологы Ордабек Айсұлу Күмісбайқызы «Бала психотерапиясы” гешталт терапиясын жасады.
Сайёра Ибадуллаева №89 Қайнарбулақ ЖОМ педагог-психологы
Камилжан Умаров №63 Қ.Сатбаев атындағы ЖОМ педагог-психологы тимбилдинг өткізді. Зилола Баратова №20 С.Сейфуллин ат. МГ, Гулназ Акмалова №1 МГ педагог-психологтары «Family Battle» тақырыбында отбасылық сайыс өткізді. Семинар қорытындыланып, қатысушы педагог — психологтар мақтау қағаздарымен марапатталды. Келген қонақтар тәжірибе бөліскендеріне ризашылықтарын білдірді.