13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШАРДАРАДА ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

23 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШАРДАРАДА ОБЛЫСТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара аудандық білім бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінде «Жас мамандар мектебі — болашақтың іргесі» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Оқыту семинарына облыстық білім беруді дамыту орталығының тілдер кафедрасының меңгерушісі Апетова Сауле Қаңлыбайқызы ағылшын тілі пәнінен жас мұғалімдерге өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында «How to improve students speaking skills» тақырыбы Workshop форматында қызу талқыға түсті.
Жас мамандарға өз білімін жетілдіруге арналған сайттар мен сілтемелер тізімі, халықаралық IELTS тестілеуіне дайындалуға арналған түрлі лайфхактар берілді. Болашақ бағдарламасы арқылы шетелге магистратураға түсу және іс-тәжірибе алмасу бойынша және портфолио, біліктілік санаты, эссе, ғылыми жұмыс, авторлық жоба жұмыстарының жазылуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!

Ұстаздардың шығармашылық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор. Иә, қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде бірқатар пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.
Ауданның жас мамандары көптеген сұрақтарына жауап алып, білім азығымен сусындап қайтты.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАСТЫ НАЗАРДА

Next Post

МАҚТААРАЛ: Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі