Тестке қатысушылар ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Түркістан облысындамемлекеттік грантқа жол ашатын Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Түркістан обоысында тест тапсыру мерзімі басталды. Ол 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіледі. Биыл мемлекеттік грантқа тапсыру үшін тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік беріледі. Айта кетейік, мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді.
Тестке қатысушылар ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды. Талапкерлер аталған кезеңде тестті екі рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім гранты конкурсына қатыса алады. Бұл ҰБТ-ға 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп және колледждің былтырғы түлектері, шетелде 11(12) класс білім алушылары, қандастар, шартты түрде оқып жатқан студенттер қатысуда. Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны және үміткер тестілеуге өз еркімен қатысады. ҰБТ қорытындысы бойынша мектептердің орта балы шығарылып, рейтинг жасалынбайды. Биылғы оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектеп бітіруші түлектер саны – 30266. Олардың 23865 оқушы (78,8 %)Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш берді. ҰБТ облыста 5 аудан, қала орталығында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізілуде.
Тестілеу орталықтарында 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. ҰБТ өтетін орталықтар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №49 «А»; Жетісай ауданы, М.Өзтүрік көшесі №13 үй (Алпамыс батыр атындағы №8 орта мектеп); Сарыағаш қаласы, Жамансариев көшесі №2 үй мекенжайларында орналасқан. Сонымен бірге Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Тоқпанбетов көшесі №1 «А» үй (IT мектеп-лицейі) жәнеСайрам ауданы, Ақсу ауылы, Шахабиддин көшесі №140 «А» мекенжайларында түлектер өз бақтарын сынап жатыр.
Айта кетсек,2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты бітірген түлектердің ішінде 1416 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.
Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан. Онда ҰБТ 2 лек бойынша компьютерлік форматта өткізіледі. Орталықтарда 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған. Ұлттық бірыңғай тестілеу цифрлық форматқа өткізіліп, жылына 4 рет тапсыру мүмкіндігі берілді. 11 сынып бітірушілері қаңтар айынан бастап ЖОО-на түсе алады. Мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу — 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Ал мемлекеттік грантқа түсу үшін тест тапсыру мерзімі 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіліп жатыр. Тестілеу барысы толығымен бейнежазбаға түсіріліп, бейнекамералар Ұлттық тестілеу орталығымен бақылауға алынған. Қазіргі таңда тест тапсырғандар – 4357, шығармашылық емтихан тапсырғандар – 614, тестілеуге қатыспағаны – 79».