Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интенат-лицейінде 17 мамыр күні «Информатика— ақпараттар ғылымы» тақырыбындағы информатика пән апталығында 8-10 сыныптар арасында информатика пәнінің мұғалімі Қошқарова Назира «Ең үздік презентация және бейнеролик» байқауын өзкізді. Байқау «Информатикаға үлес қосқан ғалымдар» тақырыбында болды.
Мақсаты заман талабына сай іскер, жан- жақты, терең білімді, интелектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Шараға қатысушы оқушылар өте жоғары дайындықпен келіп, байқау ережесінде көрсетілген презентация және макеттер бойынша қорғап шықты. Байқауда үздік жұмысымен көзге түскен оқушылар дипломдар мен номинациялармен марапатталды.Байқау өз дәрежесінде өтті.
Еске сала кетейік, 2018 жылы Созақта алғашқы ІТ- сынып іске қосылған еді. Оқушылар бұл жаңа технологиялармен жабықталған IT-сыныптарда балалар бағдарламалар, веб-сайттар, анимация және мобильдік қосымшалар жасауды үйреніп келеді. IT- сынып Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектеп базасында «Аманат» партиясының «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» жобасы аясында іске қосылған.IT-сынып заманға сай керекті құралдармен жабдықталған. Бүгінгі уақытта бұл сыныпта робот техникасы мен бағдарламалау бойынша 15 оқушы жұмыс жасау мүмкіндігіне ие .
Айта өтсек, өңірде оқушылардың ғылымға, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтары мен ынта-ықыласын оятатын қызықты деректер мен айғақтардан мысалдар келтіріліп, ғылыми жоба әзірлеу әдістері көрсетіліп келеді.
ТАғы бір ақпар. Жуырда «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының оқушылары Марина Шухратқызы мен Батырбек Тауасханұлы, «Жарқын болашақ» олимпиадасының жүлдегерлері атанып, Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің оқушысы Шұғыла Ерланқызы республикалық Әбіш оқуларында 2-орынға табан тіреді. Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларында Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Бабайхан Дастан Сұлубекұлы 2-орынға ие болды.