13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді

18 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Жыл басынан бері БЖЗҚ мамандары қашықтықтан берілген 130 мыңға жуық өтінішті өңдеді
Share on FacebookShare on Twitter

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға түрлі байланыс арналары арқылы қызмет көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ыңғайлысы – enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет (бұл туралы мына жерден оқи аласыз)

Сонымен қатар, қажетті ақпаратты дауыстық және дауыстық емес байланыс арналары арқылы алу мүмкіндігі бар. Мысалы, Қор операторларынан 1418 қысқа нөмірі бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін барлық сұрақтар бойынша кеңес алуға болады. Қоңырау шалу тегін және еліміздің кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірлерінен, сондай-ақ, стационарлық (қалалық) телефоннан қолжетімді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ғана 95 мыңнан астам осындай қоңырау шалулар өңдеуден өтті.

Ал Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі салымшылар (алушылар) үшін +7 (727) 356-10-60 нөмірі бойынша немесе Қордың корпоративтік сайтында орналастырылған «Онлайн қоңырау шалу» сервисі арқылы кеңес алу мүмкіндігі бар.

БЖЗҚ-ның Қашықтықтан кеңес беру департаменті зейнетақы қызметтерін телефон байланысы желісі арқылы ұсынумен қатар, Қордың веб-сайтында немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасында орналастырылған дауыссыз байланыс арнасы — «Бізге жазыңыз» электрондық қызметі, Chat2Desk, What’s Aрр, Viber чат, Telegram сияқты виртуалды сервис мессенджері, Facebook, ВКонтакте, Instagram, Тik Tоk әлеуметтік желілеріне берілетін жеке өтініштер, не Қордың enpf@enpf.kz ресми электрондық мекенжайы арқылы зейнетақы қызметтерін тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында осындай тәсілмен 35 мыңға жуық сұраныс өңделді.

БЖЗҚ өз қызмет түрлерінің тұтынушыға қолжетімділігін одан әрі жақсарта береді. Хабарласыңыз, біз Сізге міндетті түрде жауап береміз!

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

Previous Post

Түркістан облысы: Оқушылардың шығармашылығын шыңдау басты назарда

Next Post

СОЗАҚ: "Информатикаға үлес қосқан ғалымдар" тақырыбындағы байқауы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі