Ордабасы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ауданда «Іңкәр жүрек» ақын, сазгер Ақмарал Леубаеваның шығармашылық күндері болып өтті.
Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығығын кеңінен насихаттап таныту. «Халық барда поэзия жасай береді. Ақындар –халықтың барометрі». Поэзия халық үшін жазылады. Ал халық оқымаса , ол –поэзия-жетім»- деп Ханбибі Есенқарақызы мен Жиль Делез Ғылым да, поэзия да білімге жатады дегендей. Ақмарал ақынның өлеңдері, арнау, айтыс өнерінің бала тәрбиесінде маңызы үлкен.
Қазақ халқы ақынға кенде болған емес. Поэзия әлеміне көз салсақ, қазақ халқының арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған дегендей ақынның «Мен сені жақсы көремін білесің бе?», «Біздің жарыс», «Жүрегім ғой», «Шындық», «Сағынып жүрмін», «Мен сені мазаламаймын», «Сенім», «Мен сенің қабырғаңнан жаралғанмын» ақын өлеңдерін сүйіп оқитын оқушылар мәнерлеп оқыды. Ақынның «Гүлназым», «Қуанышым-қазынам», «Сен маған сүюді үйреттің» және көптеген танымал әндері орындалды.
Әжелер қауымы ақынның әндерін жанды дауыста орындап пікір алмасып сұрақтар қойылып оқушылар жауаптарын алып жатты. Ақын арнау әндер орындап көпшіліктің алғысына бөленді.
Келелі шараның жоғары еңгейде өтуіне үлес қосқан оқушылар ақынға арнаулар арналды. Жұптасып айтыс өткізіп кеш соңы тұсаукесермен жалғасты.
Еске салсақ, 2021 жылы өңірде Оқушылар сарайы ашылған еді. Оқушылар сарайында жас жеткіншектеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда, Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы, Тіл үйрету орталығы, Ғылым орталығы: Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды, Шығармашылық орталығы, шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау барлығы 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді. Оқушылар сарайында 1000-нан аса оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар. Оқушылардың заман талабына сай білім алуларына барлық мүмкіндік қарастырылған.