Республикалық «Жарқын болашақ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізілген «ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ» балалар өнер байқауының облыстық, республикалық кезеңдерінде «Бас жүлде» иеленген Арыс қаласының білім бөліміне қарасты № 32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Қамбар Аяулым халықаралық кезеңге жолдама алған болатын. Ел үмітін, арқалаған оқушымыз халықаралық кезеңде «Қолөнер» жанры бойынша бақ сынап, жүлделі ІІ орын иеленді.
Ал Қазығұрт аудандық Оқушылар сарайының өнерпаздарынан ұралған «Керім-ай» би тобы 2023 жылдың наурыз айының 15 күні Алматы қаласында өткізілген Республикалық «Жарқын болашақ» ғылыми — әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен VII Халықаралық «Жарық жұлдыз» балалар өнер байқауында бақ сынап қайтты.
Байқауда хореография жанры бойынша өнер көрсетіп, үлкен топ қыздары «Заманауи» биімен, кіші топ қыздары «Барби» биімен ерекеше көзге түсіп жүлделі І ОРЫН иегері атанып, кубокқа ие болды.
Еске салсақ, өткен оқу жылында Алматы қаласында «Жеті Өнер» VI Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсы өткен болатын. Байқауға елiмiздiң барлық өңiрiнен жиналған 2021-2022 оқу жылындағы іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен кiл мықтылар бақ сынасқан еді.
«Бақытты балалар мекенi — Жаңа Қазақстан» атты аламанда дәстүрлі ән өнерінің жас өкілдері өнер көрсетіп, құдіретті өнердің өмірі ғұмырлы болатынын айғақтағандай.
Олардың ішінде Оқушылар сарайының “Дәстүрлі ән” үйірмесінің оқушылары «Дәстүрлі ән өнері» номинациясы бойынша төмендегідей нәтиже көрсеткен еді:
Айдосқызы Інжу Бас жүлде
Арабдин Әсел Бас жүлде
Орынбасар Қымбат — І орын
Рахманбай Нұрай — І орын
Орынбасар Қымбат — І орын
Батырхан Аруна — І орын
Беристем Арайлым — ІІ орын
Жүлдегерлерді Түркістан Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызы салтанатты түрде марапаттап, жетекшісі Мұсаев Жанғалиға алғыс білдірген болатын.