13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫН ЖАСТАРҒА НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

16 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫН ЖАСТАРҒА НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар аудандық мәдениет сарайында «Әбу Нәсір әл-Фараби оқулары» атты облыстық байқауы өтті.
Аталмыш байқауға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов қатысып, өлкетанушы, Әбу Нәсір әл-Фараби еңбектерін зерттеуші Бейсенбай Бекжан жетекшілік етті.
Байқау үш кезеңнен өтті:

– «Ұлағаты мол ұлы ұстаз» кезеңінде Әбу Нәсір әл-Фарабидің бір трактатын жатқа оқу және бес трактатын жатқа білу;

– «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» кезеңінде Әбу Нәсір әл-Фарабидің бір еңбегіне тоқталу, зерделеп, талдап, мазмұнын жеткізу;

– «Ойлы болсаң, озып көр!» атты кезеңі – Әбу Нәсір әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру.

Аталған үш кезеңнен 16 үміткер бақ сынасып, Ордабасы ауданынан келген Шұғыла Ибадулла бас жүлде иегері атанды. Сонымен қатар, байқау қорытындысы бойынша Отырар ауданынан Диас Алдаберген жүлделі І орын, Сауран ауданынан Гүлбаршын Оразбек ІІ орын, Төлеби ауданынан Бекнұр Мақұлбек ІІІ орынды иемденді.

Айта кетейік, аталмыш байқаудың мақсаты – ұлы ғұлама ғалым Әбу Нәсір әл-Фарабидің мұраларын жастарға насихаттау.

Қазақстанда әл-Фараби мұраларына деген қызығушылық, зерттеу, насихаттау жұмыстары ХХ ғ. 60-70-жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитану­дың әлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды. Еліміздегі фарабитану­­дың басында, негізгі ұйтқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, мәселені көтеруші ре­тінде А.Машани мен А.Көбесов, Ә.Әлім­жанов есімдері аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА философия және құқық институтында Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ құрылды, оның жұмысын ҰҒА корреспондент-мүшесі А.Қасым­жанов үйлестірді.

Әл-Фараби «Азаматтық саясатта» адам қоғамдарын талқылауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде…» ол мұны ең кішкене ұядан-отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүшелеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде әл-Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, мұнда тек жеке бастың мүдделері ғана емес, қоғам мүддесін жоғары санауын үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің көрінісі деп білеміз.

Шығыстың ұлы ойшылы мұра­ла­рының қазақ даласына қайта оралуы, мемлекет басқару жөніндегі құнды ойлары әділетті қоғам құруымыз үшін аса маңызды.

Previous Post

САЙРАМДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНДА ҮЗДІК ШЫҚТЫ

Next Post

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі