13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕЛЕС: 2000-НАН АСА ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
КЕЛЕС: 2000-НАН АСА ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

1 маусымда аудан оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтуде. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталды.

31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Бұл күні мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өткізілді. Ал бүгін — 1 маусымда аудан мектептерінде оқушыларға Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, Соңғы қоңырау мерекесі атап өтілуде.

2022-2023 оқу жылында 2000-нан аса 11-сынып оқушылары үлкен өмір жолына қадам басса, 68 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 170 оқушы Үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

Биыл 11 сыныпты 29491 түлек бітіреді. Мектеп түлектерінің 1416-сы «Алтын белгіге», 11 сыныпты бітіруші түлектердің 2355-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мәлім етті.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 мыңнан астам орта білім беру ұйымдары қызмет етуде (907 мемлекеттік, қалғаны жекеменшік) жұмыс атқарады. Ондағы оқушы саны – 515 079. Олардың 154 қала (122156 оқушы), 844 ауыл (392923 оқушы) мектептері.

Брифинг барысында басқарма басшысы, биылғы оқу жылындағы Түркістан облысы оқушыларының бірқатар қолжеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті.

Мәселен, Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда:

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІ зерттеу жобалары конкурсы нәтижелері 37%-ға, Халықаралық «Азия-Тынық мұхит» және «Жібек жолы» олимпиадасы 12%-ға, Республикалық жалпы пәндер бойынша олимпиада көрсеткіші 4%-ға өссе, Республикалық жаратылыстану — математикалық бағыт бойынша Президенттік олимпиадасы көрсеткіші: 27%-ға, Республикалық ғылыми жобалар байқауы 27%-ға және Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауы көрсеткіші 42%-ға артқан.

Previous Post

БӘЙДІБЕК: МЕКТЕП ЖАНЫНАН ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі