13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: МЕКТЕП ЖАНЫНАН ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
БӘЙДІБЕК: МЕКТЕП ЖАНЫНАН ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ АШЫЛДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім – тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім – тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы болып табылады.
2023 жылдың 1 маусым — Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Бәйдібек ауданы Шаян көпсалалалы лицей жалпы орта мектебі жанынан балалардың жаз мезгіліндегі демалыс кезеңдерін сапалы ұйымдастыру бағытында ата-аналардың қолдауымен «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері ашылды.

Мақсаты: — балалардың тұлғалық, әлеуметтік құқық бұзушылықтың алдын алу және 2022-2023 оқу жылында балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын тиімді ұйымдастыру.

Лагерьге үш ай демалыс кезеңінде мектеп оқушыларының 25% пайызын (150 баланы) қамту жоспарлануда. Әр кезеңге 50 баланы қамту мүмкіндігі қарастырылып, 3 кезең бойынша жұмыс жасайды. Ұйымдастыру барысында балалардан құралған «Аула» (бастауыш топ), «Жас өрен» (бастауыш топ), «Жас шеберлер», «Болашаққа саяхат», «Туристік жорық және экскурсия» клубтары жасақталып, тиісті іс-қимыл жоспарлары бекітілді.

Жаз – жарқын мезгіл. Балалардың демалып, денсаулығын нығайтатын, ата-анасына көмектесетін кезең. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылады, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерьлеріне баруға таңдау жасайды. Олардың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз!», деп оқу жылы аяқталысымен жазғы тынығу лагерлеріне асыққан мектеп оқушыларының демалысы бесінші маусымға қадам басты.

Мектеп жанындағы лагерге келген әрбір оқушыны ұстаздар алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйретеді. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыруда басты мақсаттың бірі болып табылады. Шынында, баланың күні бойы компьютердің алдында отыруы немесе көше кезіп жүргенінен гөрі жазғы демалысты лагерьде қызықты әрі пайдалы өткізгені әлдеқайда тиімді.

Жазғы лагерь баланың қоғамдық өмір дағдыларын дамытып, өзін-өзі басқаруын, ұқыптылығын шыңдайды. Ата-ананың жұмысын алаңсыз тындырып, көз-қуаныштарымен сағынысып қауышатыны да бар. Себебі, жазғы демалыс бала жанын жадырататын шақ қой, шіркін!

Previous Post

Шымкенттіктер саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті

Next Post

КЕЛЕС: 2000-НАН АСА ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҮШІН СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі