«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы орта мектебінде «Мотивацияның ықпалы: қажеттіліктер, тәжірибе, болашақ» тақырыбында орынбасарлар мен мамандардың мектепішілік оқу жылын қорытындылау семинары болып өтті. Семинар барысында Мектеп психологы А. Абсатова 5-сыныпқа «Мен және менің ортам» тақырыбында трениг сабақ өтті. Мақсаты өмірде адамнан асқан құндылық жоқ енендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым–қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Тренинг барысында «Афтопортрет», «Мен басқаның көзімен», «Сиқырлы қобдиша», «Жүйрік ой» жаттығулары топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылардың өз ойларын еркін айтуға тапсырмалар берілді.
Кәсіптік бағдар беруші Ж. Бақыт 9 – сыныпқа «Қызық екен» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сайыс жаңа форматта, қызықты, логикалық тапсырмалар беріліп, тартысты өтті.
Тәлімгер А. Құлман «Үлгі болар отбасы-қазағымның айнасы» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сайыс сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларды ата-аналарымен қатыстыра отырып отбасылық тәрбиені кеңейту, ата–аналардың мектеппен,мұғалімдермен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.1-4 сыныптар аралығында әр сыныптан 2 оқушыдан 8 оқушы ата-аналармен сайысқа қатысты.1-бөлім-таныстыру «Мен және менің отбасым», ІІ бөлім- сұрақ –жауап «Білгенге маржан», ІІІ отбасылар өнері «Өнерлі өрге жүзер» ІV бөлім үй тапсырмасы «Қол өнер» V бөлім Сюжеттік тапсырма «Ертелілер елінде». Сайыс қызықты өтіп, жеңімпаздар марапатталды.
Ұйымдастырушы педагогы — Б.Өтебек 7-8-9 сыныптар арасында «Жайдарман» сыныптан тыс іс-шара өтті. Іс шара барысында 4 команда қатысты . 7 сынып «7 сынп бұзықтары», 8 сынп «Фараб», 9а сыныбы «Жұлдызды жігіттер», 9ә сыныбы «Чемпион» тобы. Командалар үш кезең бойынша сайысқа түсті. Сәлемдесу, Бес жаңалық, Әуенді көрініс. Барлық командалар жақсы дайындықпен келген, өткір әзілдерімен ерекше көзге түскен 9а сыныбының «Жұлдызды жігіттер тобы» ерекше өнер көрсетіп КТА ойынының кубогын жеңіп алды.
Қосымша білім беру педагогы А. Еденбайұлы «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудағы үйірме жұмысының маңызы» есеп жұмысын берді. Есеп жұмысында бір жылдық атқарылған жұмыстар, үйірме жұмыстарының қорытынды мониторингі жүргізілді.
Әлеуметтік педагог Б.Нұрлыбеков «Жүректен жүрекке» тақырыбында акция өткізді. Акция барысында демеушілерді тарту арқылы 12 оқушыға силықтар берілді.
Өкшебай Г — оқу ісі жөніндегі орынбасар «Сабақтағы тиімді кері байланыс- мұғалім жетістігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: Мұғалімдермен бірлесе отырып оқушыларға тиімді кері байланыс беру техникаларын ортаға салу, үйрену. Дөңгелек стол барысында педагогтермен «Ойлан, жұптас, бөліс», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Талқылау бойынша, серіктес» әдістері арқылы тапсырмаларды орындай отырып кері байланыс беру техникаларымен өзара тәжірибе алмасу болды.
Мектеп кітапханашысы Ахметова Ұ. «Оқуға құштар жобасы» аясында «Білім беру жүйесінде кітап оқу арқылы ұлттық құндылықты қалыптастыру жаңашылдығы» тақырыбында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті. Байқауға әркезеңдегі Үздік деп танылған 4 мұғалім қатысты. Олар Карибаева Нуржамал, Шүкірбекова гаухар, Ахметова Гүлнұр, Әшірбек Анаркүл. Сайыстың І туры Логикалық сұрақтар, ІІ тур оқыған кітаптар бойынша сұрақтар, ІІІ тур Ойлан тап сұрақ мәтіне қарай мақал-мәтел құра тапсырмасы бойынша сайысқа түсті. Сайыс соңында Карибаева Нұржамал «Ең үздік оқырман» атанды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Қ.Құдайбергенов «Мен үшін өмір керемет» ата-ана, мұғалім, оқушы арасында дөңгелек стол өткізді. Үштік одақтың ынтымақтастығын «Байланыс» тренингімен бастады. І-топ мұғалім, ІІ-топ ата-ана, ІІІ- топ оқушы бірлесе жұмыс жасай отырып, үштік одақтың бірлескен жұмыс нәтижесі көрініс тапты.
Дөңгелек стол барысында мінсіз оқушы, мінсіз ата-ана, мінсіз мұғалім моделі жасалды. Үштік одақ бірлесе отырып тәрбиелік мәні бар тақырыптар талданды, жағдаяттық сұрақтар шешілді.