13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Түркістан спортшылары ел чемпионатынан 12 медаль жеңіп алды

12 мая, 2023
in Спорт
0
Түркістан спортшылары ел чемпионатынан 12 медаль жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Қонаев қаласындағы «Қапшағай» су қоймасында желкен спортынан кезекті Қазақстан чемпионаты аяқталды. Түркістан облысының спортшылары 12 медаль жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, 4 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Жеңімпаз және жүлделі орын алғандар — басқаратын Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары.

Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанған түркістандықтар Анатолий Чуриков пен Богдан Рожанский екі алтын иеленсе, тағы да бір талантты жерлесіміз Заңғар Әбдірахман мен Станислав Пичугин де жеңістің шыңын бағындырды. Ал күміс жүлдеге ие болған Алишер Чехомов пен Артём Богдаев өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Сонымен қатар Александр Вакуленко мен Анастасия Данькова қос күміс иеленсе, Светлана Чурикова әйелдер арасында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұдан өзге талантты спортшы қыз Кристина Малахова да күміс алқаны иеленді.

Ал Шакизада Бакдаулет пен Никита Малахов қола жүлдені қанағат етті.

Түркістан облысының талантты спортшыларын аға жаттықтырушысы С. Пичугин баптады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзспортТүркістан облысы
Previous Post

Түркістан облысы: «Мотивацияның ықпалы: қажеттіліктер, тәжірибе, болашақ» тақырыбында семинар өтті

Next Post

Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары нәтижесінде кәсіп бастауға ниет білдірген жастар көбейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі