13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде тойланды

31 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде тойланды
Share on FacebookShare on Twitter

Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры – дегендей, Балаларды қорғау күні — балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын асыға күтетін басты мерекелерінің бірі.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында, партияның қалалық филиалының төрағасы, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Арман Басаровтың қатысуымен, қоғамдық кеңес мүшелері мен қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен қаламыздағы ерекше балаларға арнап қайырымдылық дастархан жайды.

Мерекелік дастарханға мүгедектігі бар балалар, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушы 70-тен бала қатысты.

Партия филиалының төрағасы Арман Басаров, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратша Төнтеков, қала белсенділері балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, игілікті іске ұйытқы болған барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Кешке қатысқан ата-аналар да балаларды мерекемен құттықтап, балаларға қуаныш сыйлаған барша азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

«Бүгін ерекше күн болды. Балаларымыз қуанып қалды. Ерекше бала болғандықтан көп жерлерге апара алмаймыз. Жиі серуендеуге де мүмкіндігіміз болмай жатады. Керемет көңі-күй сыйлаған азаматтарға рахметімізді айтамыз», – дейді бір топ ата-ана.

Мерекелік кеште балалар «Оқушылар үйінің» өнерпаздарымен бірге ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Сондай-ақ, таратылған тәттілер мен балмұздақтан дәм татып, ерекше әсерге бөленді.
Мереке аясында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті. Мерекелік шара аясында орталық саябаққа жиналған балалар мальбертке сурет салып, велосипед жарысына қатысты. Барабаншылар шеруі ұйымдастырылып, спорттың таэквондо және дзюдо түрлерінен өнерлерін көрсетіп, асық атудан, ләңгі тебуден, қол күрестен бақтарын сынады. Жасөспірімдер гир көтеріп, арқан тартысты.

Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев балаларды төл мекерелерімен құттықтап, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.

– Баланың болашағына балта шаппау, оларды дені сау етіп өсіру, тәрбие беру – мемлекет алдындағы басты мақсаттың бірі. Елімізде барлық бала тегін білім алумен қатар, денсаулығын сақтау, демалыс күндері уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерлерге, спорттық және туристік жарыстарға кеңінен тартылуда, – деді ол.

Іс-шара соңында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров жарыстарда белсенділік танытып, ұлттық ойындардан өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болған балаларды Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Previous Post

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті

Next Post

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі