13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҚОС БІРДЕЙ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ

1 июня, 2023
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР ҚОС БІРДЕЙ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылы және Таукент кентіндегі қос бірдей мұқтаж отбасыға тұрғын үй кілті табысталды. Аудан орталығындағы Тәкен Әлімқұлов атындағы мектеп лицей интернаты мен Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерін бітіргеніне 20 жыл болған түлектер жаңа баспана тарту етті.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков игі іске ұйытқы болған түлектерге жылы лебізін білдіріп, игі іске ұйытқы болған түлектерді арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

«Бүгін біз өнегелі істің куәсі болып отырмыз. Маңайыңдағы адамдарға мейірімділік пен ізгілік таныту – адамгершіліктің белгісі. Қайырымды болу – адамның болмысына біткен ізгі амал. Еселі еңбектерімен елдің құрметіне, көптің ыстық ықыласына бөлене білген түлектерге шынайы алғысымды білдіремін»,- деді аудан басшысы.

Тарқата айтсақ, Шолаққорған ауылынан берілген жаңа үй асханамен және үйге қажетті тұрмыстық жабдықтармен қамтылған. Су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Жер учаскесі 15 сотықты құрайды. Арнайы шарбақпен қоршалып, қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша өсіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, Таукент ауылынан берілген баспанада қажетті жабдықтарымен қоса алынып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Айта кетейік, игі шараны қолға алған азаматтар үй егелерін өздері нақтылаған. Ал Шарадара ауданы Қоссейіт ауылдық округіндегі «Сырдария» жалпы орта мектебін 2003 жылы бітірген 1986 жылғы 20 жылдық түлектер көпбалалы Марат Жүнісов деген азаматқа үш бөлмелі тұрғын үйді сыйға тартты.
Сауапты әрі, салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев арнайы қатысып, баспаналы болған отбасыны құттықтады. Б.Шомпиев өз сөзінде: «Құрметті Қоссейіт ауылының тұрғындары, қадірлі түлектер! Міне, сіздердің бірлесе ұйымдасқан игі істеріңіздің арқасында бір отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенеліп отыр. 20 жылдық түлектерге бүкіл аудан халқының атынан алғыс білдіреміз. Елім, жерім дейтін азаматтар осындай сауапты істің басы-қасында болады деп білемін. Ал бүгін үйлі болып жатқан отбасына бақ-береке, амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!- деді.
Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары мен бірқатар ел ағалары өз ыстық лебіздерін білдірді. Аталған игі іс-шара соңында жомарт жанды түлектерге аудан әкімінің атынан арнайы Алғыс хат табыстады.

Previous Post

Түркістан облысы: БАЛАЛАР – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Next Post

ТҮРКІСТАН: «БАЛ ТАҢДАЙ» ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ТАЛАНТТАРДЫҢ БАҒЫН АШТЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі