13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев тарапынан берілген тапсырмаға және кестеге сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде арнайы кездесу өтті.

Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Гульнара Тынымбаева, тиісті құзырлы және құқық қорғау органдарының басшылары, белсенді ардагерлер, білім қызметкерлері, ата-аналар және жастар қатысты.

Мақсаты – әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру арқылы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Нақты айтқанда, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс, оқыс оқиғалардың, ертежүктілік пен суицидтердің алдын алу, жасөспірімдердің психологиялық ахуалына талдау, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, бос уақытын тиімді пайдалану, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың және сынып жетекшілерінің, мектеп басшылығының, білім бөлімі мен қоғамның рөлін арттыру.

Кездесуде «Жасөспірім және заң» тақырыбында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты және оқыс оқиғаларды алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мектеп және отбасындағы бала тәрбиесіне арналған бейнероликтер көпшіліктің назарына ұсынылды.

Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, аудан прокуроры Даулет Тлемисов, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Кайрат Арап, ауданның полиция басқармасының бастығы Б.Зиятаев, әлеуметтік-сүйемелдеу орталығының сектор меңгерушісі Галым Медеуов жастармен атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кейінгі кезекте психолог мамандары №16 жалпы Т.Бигелдинов атындағы орта мектептің педагог-психологі Ш.Әбдірахманова және магистр У.Тураева тақырып аясында ұсыныс-пікірлерін айтты.
Шара соңында Сайрам ауданының Құрметті азаматы, ұстаз ардагер А.Қабылбеков кездесуді қорытындылады.

Previous Post

АЛМАТЫДА ҚАЛАМГЕРЛЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫНА 7000-ҒА ЖУЫҚ КІТАП СЫЙЛАДЫ

Next Post

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕ 4 БАҒЫТҚА АВТОБУСТАР ҚАТЫНАУДА

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі