13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АЛМАТЫДА ҚАЛАМГЕРЛЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫНА 7000-ҒА ЖУЫҚ КІТАП СЫЙЛАДЫ

13 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
АЛМАТЫДА ҚАЛАМГЕРЛЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КІТАПХАНАЛАРЫНА 7000-ҒА ЖУЫҚ КІТАП СЫЙЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін Алматы төрінде «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани-мәдени бағдарламасы аясында «Киелі Түркістаннан – Арайлы, әсем Алматыға» сапары өтті. Түркістан облысының 5 жылдығына орай Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасы тарапынан ұйымдастырылған шараға танымал қаламгер қатысты.
Алдымен «Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте» кітап көрмесін тамашалаған зиялы қауым өкілдері дөңгелек үстел басында кітапхананың қоғамдағы орны жайлы кеңінен талқылады.
Тағылымды шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы мен Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы ашып берді. Сондай-ақ Ұлттық кітапхана басшысына Түркістан облысы әкімінің орынбасарының алғыс хаты мен арнайы сыйлығы табысталды. Айтыскер ақын, Түркістанның түлегі Шұғайып Сезімхан арнау айтып, қаламгерлерге төр ұсынған Ұлттық кітапхана ұжымына алғысын білдірді. Өздеріңізге белгілі, күні кеше Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайы өтіп, онда басқарма төрағасы болып Мереке Құлкенов сайланған болатын. Бүгін Мереке Әбдешұлы өзінің орынбасарлары мен жергілікті қаламгерлермен бірге басқарма төрағалығындағы алғашқы жиыны ретінде осы әдеби шараға қатысып, тарихы тереңде жатқан Түркістанның рухани әлеуетін тілге тиек етті. «Кітап қазаққа туған нағашысындай, өйткені туған нағашысын жек көретін қазақ жоқ» дей келе, әдеби сапарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ал түркістандық белгілі ақын, басқарма төрағасының жаңа орынбассры Қасымхан Бегманов өз кезегінде «Көкжиек» жинағының 20 данасын сыйға тартты. Содан соң Құлбек Ергөбек, Бағдат Қалаубай, Аян Нысаналин, Мұрат Бекей, Айдар Сейдәзім, Ақбота Бейбітбек сынды түркістандық қаламгерлер сөз алды.
Ал танымал ақын, баспагер Темірғали Көпбай «Қазығұрт» баспасынан шыққан 500 дана кітапты сыйласа, Нұрболат Адырбек пен Бекжан Әшірбаев, Әлібек Шегебай да акцияға өз үлесін қосты. «Меломен» дүкен желісі мен «Көкжиек» баспасы эксклюзив жинақ пен жаңа кітаптарды тарту етті. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың бастамасымен жолға қойылған «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясына кітап қорын қалыптастыру үшін Түркістан облыстық кітапханасының қоры жалпы саны 7 мыңға жуық кітаппен толықты. Қазіргі таңда кітапхана қорына сыйға берілген кітаптар саны 12 мыңнан асты.
Айта кетейік, әдеби сапардың басты мақсаты – Түркістан облысының руханият, әдебиет және мәдениет саласындағы жаңалықтарымен бөлісу, өңір тарихымен өзге облыс тұрғындарын жете таныстыру, ауыл кітапханаларының қорын байыту, оқырман сұранысындағы әдебиеттермен қамтамасыз ету болып саналады. Бұған дейін бұл жоба алғаш рет Тараз қаласында өткен болатын. Алдағы уақытта Түркістан облысының рухани керуені Астана қаласына барып, одан соң Қызылорда облысы мен республикалық маңызы бар Шымкент қаласында да әдеби кеш өткізеді.
Previous Post

Мұрат Әйтенов «Жұлдыз» индустриялық аймағының инфрақұрылымын шілдеге дейін аяқтауды тапсырды

Next Post

САЙРАМ: «ЖАСӨСПІРІМ ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА АТА-АНАЛАРМЕН АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі