13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте оқушылар арасында «Best theatre» байқауы ұйымдастырылды

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Келесте оқушылар арасында «Best theatre» байқауы ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Балалардың ағылшын тілін меңгеруіне және сөздерді игеру қабілеттерін дамытуда, олардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады.
Сондықтан Келес ауданында ағылшын тілі пәнінен оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында N5 жалпы орта мектеп базасында алғаш рет «Best theatre» байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға 14 мектептен 200-ден аса оқушы қатысып, актерлік шеберліктерін көрсетті. Ауданымызда алғаш рет өткізілген байқау жоғары деңгейде өткізілді.

Ағылшын тілі — əлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту əдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог жəне диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог жəне диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас əрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, əдептік жəне сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.
Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сəйкестірілген.

Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мəтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процессті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады. Бүгінгі таңда жаңашыл мұғалімдерге сапалы және инновациялық технологияларды меңгеру – қазіргі заман талабы. Білім сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық, тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде.

Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз.
Байқау мақсаты балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылын арттырып, сөйлеу қабілеттерін жан-жақты жетілдіру. Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып, баланы ағылшын тілінде сөйлеуге дағдыландыру.

Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жаңа лексикалық бірліктерді тез әрі жеңіл меңгертеді, сөздік қорларын кеңейтеді.

Previous Post

САРЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫ «СИНИЙ ТРАКТОР» ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҒАРДЫ

Next Post

Более 200 жителей третьего мегаполиса смогут сменить работу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі