13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САРЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫ «СИНИЙ ТРАКТОР» ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҒАРДЫ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
САРЫАҒАШТЫҚ ОҚУШЫ «СИНИЙ ТРАКТОР» ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҒАРДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Тың жаңалық тасада қалмау керек! Сарыағаш ауданы №52 М.Өтемісұлы атындағы ЖОББМ 7-сынып оқушысы Елікбай Байбек Жомартұлы жүк тиегіш трактор құрыстырып шығарды. Тракторының атын «Синий трактор» деп атаған. Жобаны жүзеге асырып, синий-тракторды құрастырған оқушының бұл техникасы аудандық көрмеде ерекше көзге түсіп, көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

Ғаламтордан қарап отырып, жүк көлігін құрастыра бастаған. Әкесі техника ұстасы болғандықтан, үйінде жарамсыз болып қалған материалдарды пайдаланған. Алдымен моторды, содан сон темір плиталарды, балалар коляскасының доңғалақтарын жинақтап, пайдаланған. Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасаған.

 

Синий трактордың ерекшелiгi ток арқылы өздігінен қозғалады. Бұл трактор жеңіл әрі қарапайым тәсілмен жасалған. Байбек алдағы уақытта үлкен техникалар құрастырып шығаруды мақсат етіп отыр.
Еске салсақ, өткен жылы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі мен Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «Roboland 2022» VIІ Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі Қарағанды қаласы, «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында өткізілген еді.

Robоland — бұл жаңа кездесулер мен тәжірибелер, қызықты жарыстар және ынталы көрермендер.
Іс- шараның мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, техникалық пәндерді дәріптеу, білім беру робототехникасының мүмкіндіктерін көрсету. Халықаралық фестивалге Қазақстан, Ресей, Греция, Өзбекстанның, Қырғызстан және т.б мемлекеттерден 800-ге жуық қатысушы қатысқан еді.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушылары Рахматтула Ақжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі ІІ орынды, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясынан жүлделі ІІІ орынға ие болған.

Previous Post

БӘЙДІБЕК: АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Next Post

Келесте оқушылар арасында "Best theatre" байқауы ұйымдастырылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі