13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: «ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК » АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

12 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: «ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК » АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Қ.Мүсірепов атындағы N20 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2 «А» оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздігін сақтау мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып және ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында су, от, өрт, тоқ, жол-көлік, тұрмыстық-техникалық қауіпсіздік т. б. сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге ата-аналармен әлеуметтік уатсап желісі арқылы да «Ата-аналарға арналған Жадынамалармен», арнайы бейнебаян материалдарымен таныстыру, кері байланыс алу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда түсіндіру жұмыстары әрі қарай оқу күндерінің соңына дейін үздіксіз жалғасуда.

Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсізжазбөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып, дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық.Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті. Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.

Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:

— Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
— Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;

— Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;

— Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
— Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;

— Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.

Жиынның мақсаты ата-ана мен оқушылардың жеке жауапкершіліктерін арттыру болып саналады.

Previous Post

САРЫАҒАШ: "А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ" ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Next Post

БӘЙДІБЕК: АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі