13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қалалық ҚХА төрағасы айқындалған бес басымдық аясында қала аумағында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жүргізуді тиісті құрылымдарға жүктеді. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» тақырыбымен өтті. Қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиынға ассамблея мүшелері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының жетекшілері, салалық басқармалардың басшылары, аудан әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым, діни конфессиялардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен ЖОО ректорлары қатысты. Болашағын қазақ елімен байланыстырған этнос өкілдерінің ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүргеніне тоқталған қала әкімі ассамблея жүктелген мақсат-міндетті лайықты атқарып келе жатқанын айтты. Президент тапсырмаларын іске асыру жайын баяндады.

– Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында өтті. Ассамблея Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың жетекшілігімен өткен алқалы жиында алда атқарар жұмыс бағыттары нақтыланып, мемлекеттік органдар мен салалық құрылымдарға тиісті міндеттер жүктелді. Бүгінгі сессияда біз берілген тапсырмаларды қала аумағында іске асыруды пысықтап, атқарылар жұмыс жайын бағамдаймыз, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Жиында қалалық корей этномәдени бірлестігі, қалалық түрік этномәдени бірлестігі, «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының» өкілдері ұсыныс-пікірлерін айтты. Сессияны қорытындылаған қалалық ҚХА төрағасы айқындалған бес басымдық аясында қала аумағында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жүргізуді тиісті құрылымдарға жүктеді.

– Президент: «Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар», деді. Бұл тұрғыда шымкенттіктер ырысты ынтымақ жолын жалғауға лайықты үлес қосады деген сенімдемін.

Біздің арман-ниетіміз – Шымкентті тұрғындар үшін өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыру. Көздеген мақсат-межеге жету жолында баршаңызды қаламыздың береке-бірлігін бағалай білуге, жұмыла жұмыс істеуге шақырамын, – деді Мұрат Әйтенов. Айта кетейік, бүгінде қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылған.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «5-20-25» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа сатып алу келісім шарты табысталды 

Next Post

Шымкентте жылына 3 млн картон қорабы мен 10 мың тонна крафт қағазы шығарылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі