13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «5-20-25» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа сатып алу келісім шарты табысталды 

26 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «5-20-25» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа сатып алу келісім шарты табысталды 
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан. Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және «5-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа тұрғын үй басқармасының мамандары пәтердің сатып алу келісім шартын табыстады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар. Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан №152,153,154,155-ші үйлер.

Аталған тұрғын үйлер бойынша келісім шарт жасаспаған азаматтар болса, қалалық Тұрғын үй басқармасына келіп сатып алу келісім шартын жасаса алады. Бұдан бөлек, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспанаға қол жеткізген болатын. Оның ішінде, 1079 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 250 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша рәсімделген.

Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарлама «Шаңырақ» бағыты бойынша конкурс өткізіледі. Аталған бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 23.05.2023 жылдан бастап сағат 10:00-ден 31.05.2023 жылдың 19:00-ге дейін жүргізілетін болады. Конкурстық пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйлерде орналасқан 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер. Шаңырақ бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық санаттағы азаматтар қатыса алады. Бағдарлама бойынша 10% бастапқы жарнаны толтырып, жылына 5% мөлшермен 20 жылға несие алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, аталған бағыт шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады. Конкурстық іріктеу мерзімі Отбасы банкпен төлем қабілеттілігін бағалау брондау мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Previous Post

Жеңілдетілген несие: Шымкентте 30-дан астам жоба комиссияның оң қорытындысын алды

Next Post

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі