Мектепте үш спорт зал, бассейн және жатақхана қарастырылған. Сауран ауданында 900 орынға лайықталған мектеп бой көтеріп жатыр. Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев Қарашық ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Ең алдымен Қарашық елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Хабибулла Азимовтың бастамасымен бой көтеріп жатқан 900 орындық заманауи Ясауи интелектуалды мектебінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Жеке кәсіпкердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілмек. Мектепте үш спорт зал, бассейн және жатақхана қарастырылған.
Бұдан соң аудан әкімі Қарашық елді мекенінің жоғарғы жағынан түсетін су қоймасына барды. Қосқорған су қоймасынан келетін ағын су жаз айында құрғап қалатындықтан Қарашық ауылының дихандары жыл сайын қиындық көріп отыр. Осыған байланысты ауылдық округ әкіміне ағын су мәселесін реттеу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Келесі кезекте нысанды аралау үшін әкім Қарашық ауылындағы жеке кәсіпкер Усан Умаровтардың отбасылық кәсібі — гүл өсіретін жылыжай жұмысымен тынысты. Кәсіпкердің гүлдерін бүгінде алыс-жақын облыстардан келіп үйлеріне, мемлекеттік ғимараттарға сатып алушылардың қарасы көп. Мұндағы жылыжайда отбасы бақыты гүліне көпшілік тарапынан сұраныс артқан. Кәсіпкер алдағы уақытта жылыжай аумағын ұлғайтып, кәсібін дөңгелетуді көздеп отыр.
Айта кетсек, өткен жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша, облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді.
Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.