13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ЖЕҢІС КҮНІ: ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕРЕКШЕ ӘСЕРГЕ ТОЛЫ ҚОЙЫЛЫМДЫ ТАМАШАЛАДЫ

10 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ЖЕҢІС КҮНІ: ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕРЕКШЕ ӘСЕРГЕ ТОЛЫ ҚОЙЫЛЫМДЫ ТАМАШАЛАДЫ
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласында 9 мамыр — Жеңіс күнін тойлау Әл-Фараби алаңында жалғасын тапты. Кешкі сағат 20:00-де қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында Ә.Нұрпейісовтың «Күткен күн» роман желісімен сахналанған қойылымды тамашалады. Шымкенттіктерге мерекелік спектакль-концертті Айгүл Иманбаева жетекшілік еткен өнер ұжымы «А.И.» театры ұсынып отыр.
Оқиға желісі 1941 жылы соғыс өртінің тұтануынан бастау алған. Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқан мектеп түлектерінің қуанышты сәтінде соғыс басталғаны туралы суық хабар келеді. Қойылымда халықтың сол сәттегі тұрмысы, жастардың патриоттық рухы көрсетіледі.
Ананың балаға жазған хаты көрерменді елжіретіп, көзіне жас үйірсе, майдандағы әкесін сағынған бала, жарына сезім мен үмітке толы хатын жолдаған келіншектер, жалындаған жас боздақтардың соғысқа үлкен жігермен аттанған көріністері, бәрі-бәрі халықтың зор қошеметіне ие болды.
Автордың өзі оқиғаның ішінде болып, «Курляндия оқиғасы» деген очерк жазбақ болады. Ә.Нұрпейісовтың жазушылық жолы да осы оқиғадан бастау алған екен. Авторлық идеясын жүзеге асыру үстінде шығармашылық ой өзегі үнемі өзгеріп, очерк көлемді әңгімеге, әңгіме повеске, повесть қалың романға айналып, әуелі «Курляндия» боп жарық көрді де, кейін «Күткен күн» деген атпен бастан-аяқ қайта жазылды.
Қойылымның барысы тек мұңды оқиғалардан құралды деуге келмес. Спектакль-концерт бағдарламасында көңілді әуендер де орындалды. Мерекелік кеште ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Маржан Арапбаева, Айгүл Иманбаева әннен шашу шашты.
Басты рөлдерді Мәдениет саласының үздігі Бағлан Иманғалиев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлжамал Қазақбаева сомдаса, «А.И.» театрының актерлері Еркебұлан Есіркеп, Анэль Төлегенова, Әмірхан Оразбақ, Ақбота Шойнбектер өз өнерімен көпшілікті тәнті етті.
Previous Post

Қала әкімі ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады

Next Post

Шымкентте «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы жалғасып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі