13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады

9 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі ҰОС ардагерлерін мерекемен құттықтады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай қаладағы  қарт майдангерлер Нина Мосунова, Абылай Қазбаев пен Мұратәлі Төлепбергенұлын шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады.

— Сіздердің жауға қарсы шыққан асқан ерліктеріңіз батылдық пен отансүйгіштіктің тамаша үлгісі.  Бүгінгі бейбіт өміріміз бен ашық аспанымыз үшін Сіздерге қарыздармыз. Бізге осындай баянды бақытты сыйлаған сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды, — деді қала әкімі.

ҰОС ардагері Нина Мосунова 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы қазан айында әскерге өз еркімен алынып, майданда пулеметші болып жеңіске жетуге атсалысқан. Бүгінде ардагер 1 баланы тәрбиелеп өсіріп, 2 немере 5 шөберені сүйіп отыр.

Ал, Абылай Қазбаев 1925 жылы 1 шілдеде дүниеге келген. 1943 жылы әскер қатарына алынып, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысып, жеңісті Берлинде қарсы алған.

Түлкібас ауданында 1925 жылы дүниеге келген Мұратәлі Төлепбергенұлы, 1943 жылы әскер қатарына алынған. Әскер қатарында болып, 1950 жылы жеңіспен елге оралған.

Айта өтсек, Шымкент қаласында  бүгінде Ұлы  Отан соғысының 3 ардагері тұрып жатыр. Биыл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 360 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 1 242 000 теңгеден мерекелік төлем есепшоттарына аударылып, сондай-ақ, қалада 2 183 тыл ардагерлеріне 12 АЕК

41 400 теңгеден төлемдер төленді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Шымкенттік оқушылар әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барды

Next Post

ЖЕҢІС КҮНІ: ШЫМКЕНТТІКТЕР ЕРЕКШЕ ӘСЕРГЕ ТОЛЫ ҚОЙЫЛЫМДЫ ТАМАШАЛАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі