13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті

5 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты. Шымкент қаласындағы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты.

– Біздің әкелеріміз 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сол кісілердің Отанға деген сүйіспеншілігін көріп, тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Қазіргі жастарда бұрынғы елін, жерін қорғаған батырларымыз сияқты мықты, қайсар азамат пен азаматшалар болса екен деймін. Осы мақсатта жастар арасында патриоттық іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз, — дейді «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Үсенбатыр Мырзамбайұлы. Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер, қайсар да батыл бабаларымыздың ерлігі жайында өлең оқып, сахналық көрініс көрсетті.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті. Одан бөлек, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №49 жалпы орта мектепте «Ер — елінің қорғаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты — жастарды ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттеріне дәріптеу. Кездесуге Семей ядролық сынақ полигоны ардагерлері Махамбетов Абдумалик, Дехканбаев Абдусамат және «Жани» қоғамдық қорының директоры Асан Жазира Тілеубергенқызы қатысып, жастарды елін, жерін сүюге, Отанды құрметтеуге шақырды. Кездесу соңында «Жани» қоғамдық қорының директоры «Қазіргі бейбіт күннің батыры – ерікті жастар екенін» жеткізіп, жастарды бос уақытын тиімді пайдаланып, ерікті болуға шақырды.

Previous Post

Шымкентте әскери патриоттық әндер байқауы өтті

Next Post

Шымкенттегі базарлар заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылып жатыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі