13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте әскери патриоттық әндер байқауы өтті

5 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Шымкентте әскери патриоттық әндер байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сайысқа 30 үміткер қатысты. Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңындағы іс шаралар топтамасы патриоттық әндер сайысымен жалғасты. Бүгін Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде «Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» атты әскери патриоттық әндер байқауы өтті. Өскелең ұрпақты отансүйгішттік пен елжандылыққа тәрбиелейтін іс-шараға 30 үміткер қатысып, көрермендерге әндер шеруін ұсынды. Сарапшылар үміткерлердің тек ән орындау шеберлігіне ғана емес киім кию үлгісі мен сахнада өз-өзін ұстауына да баға берді.

Үміткерлердің арасынан оза шыққан өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Қазіргі таңда қаламыздағы бірқатар білім, мәдени ошақтарда ерлік пен батырлық дәріптелген салтанатты жиындар жалғасуда. Атап айтсақ, Шымкент қаласындағы №1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған шараға республикалық «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагерлері қатысты.

– Біздің әкелеріміз 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сол кісілердің Отанға деген сүйіспеншілігін көріп, тәрбиесін, ақыл-кеңесін тыңдап өстік. Қазіргі жастарда бұрынғы елін, жерін қорғаған батырларымыз сияқты мықты, қайсар азамат пен азаматшалар болса екен деймін. Осы мақсатта жастар арасында патриоттық іс-шараларды жиі ұйымдастырамыз, — дейді «Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің ардагері Үсенбатыр Мырзамбайұлы.

Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер, қайсар да батыл бабаларымыздың ерлігі жайында өлең оқып, сахналық көрініс көрсетті. Сондай-ақ, Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 35 жоба іске асырылды

Next Post

ШЫМКЕНТ: «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі