13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы: Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту жолға қойылған

2 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысы: Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту жолға қойылған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту мақсатында колледждерге арнайы талаптар қойылған. Колледж басшыларының жұмыстарын бағалайтын КРІ жүйесі енгізіледі, оның ішінде өндіріс орындарымен бірлесе отырып кіші кәсіпорындар құру, бизнес-инкубаторлар ашу мәселесі, педагогтардың сапалық құрамын арттыру, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жоғарылату қамтылатын болады. Мемлекеттік тапсырыс көлемін арттыру мақсатында былтыр республикалық бюджеттен 10 000 орын, жергілікті бюджет есебінен 7000 орын бөлініп, барлығы 17 000 орынды құраған болатын.

2021 жылы 4 колледж «Жас маман» жобасы шеңберінде заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Өткен жылғы статистикалық ақпаратқа сәйкес, 52 колледжде 24 920 студент білім алуда, оның ішінде 19 668 студенті мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыса,«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 414 студент білім алған.

Жаңа оқу жылында «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған 9 колледжде құзыреттілік орталықтары ашылатын болады. Облыстағы 25 колледжге техникалық және технологиялық бейініне сәйкес келетін мамандықтар бойынша 100 пайыз WorldSkills бағалау жүйесі ендірілді.
Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың колледждерді ірі кәсіпорындардың қамқорлығына беру туралы тапсырмасына сәйкес өңіріміздегі 30 колледжді 53 кәсіпорын шефтік қамқорлығына алу туралы меморандумдар түзілді. 33 колледж 38 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі негізінде білім беруде. Сонымен қатар колледж студенттері 362 кәсіпорында келісім-шарт негізінде тәжірибеден өтті.
Еске сала кетейік, 2021 жылы «WorldSkills Kazakhstan» ұлттық чемпионатында облыс құрамасы 19 медальге ие болды.

Previous Post

Түркістан облысы: Білікті педагогтардың жетістігі көп

Next Post

Түркістан облысы: «TURKISTAN BILIMI» ЭКОЖҮЙЕСІ ӘЗІРЛЕНУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі