13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкент жүрек орталығының тағдыры не болмақ?

5 мая, 2023
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter
https://13kz.kz/wp-content/uploads/2023/05/05_05_kardicentr_1.mp4

Шымкенттегі кардио орталықты қала әкімдігінің иелігінен Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқаруына беру жоспарлануда. Жаңашылдықты талқылау үшін медицина саласының майталмандары бас қосты. Жиында басты рөлде еліміздің құрметті кардиологы Абсеитова Сәуле Райымбекқызы болды. Бар ғұмырын кардиология саласына арнаған ханым Шымкенттегі кардио орталықты қала әкімдігі балансынан Республикалық қазынаға өткізуге түбегейлі қарсы екендігін жеткізді. Оның пікірінше, мекеме Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқаруына берілетін болса, мұндағы жедел-жәрдем қызметі ақсап қалады екен.

Сәуле Әбсеитова

ардагер кардиолог

Ал Шымкент қаласы жүрек орталығының өкілдері бұл пікірмен мүлдем келіспейді. Олардың айтуынша, жаңашылдықтан медициналық қызмет сапасы жақсармаса нашарламайды. Тіпті орталық халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп, техникалық база толықтай жаңаруы мүмкін. Сонымен қатар сан авиацияның көмегімен Астанада жасалатын күрделі оталарды Шымкентте жасауға мүмкіндік туады.

Мади Уалиханов

Шымкент жүрек орталығының атқарушы директоры

Мәселеге қатысты пікірін Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков те білдірді. Қаланың бас дәрігері өзгерістің кедергілері мен қатар тиімді тұстары да бар екендігін жасырмады.

Нұрлыбек Асылбеков

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы/

Бүгінде кардио орталықтың аумағында жеке-меншік медициналық орталық жұмыс жасайды. Бұл кардио орталықтың тағдырына алаңдап, шырылдап жүрген Сәуле Абсеитованың туған қызына тиесілі екен. Журналистердің «Сіздің мақсатыңыз отбасылық бизнесіңізді сақтандыру емес пе? деген сауалына ардагер кардиолог салқын қанды жауап берді.

Сәуле Әбсеитова

ардагер кардиолог

Жүрек орталығына тиесілі мемлекеттің иелігіндегі жер телімі Сәуле Райымбекқызы бас дәрігер кезінде жекенің меншігіне сатылып кеткен. Қазір оның заңдылығы сотта қаралуда. Ал меншік иесі керісінше жеке бизнесін ұлғайтып жатыр.

Дегенмен үй ішінен үй тіккен жеке-меншік орталық мемлекеттік мекеменің жұмысына кері әсерін тигізуде дейді мамандар

Кардио орталықтың тағдыры қоғамдық кеңесте талқыланатын болды. Кеңес төрағасы Бауыржан Әлтеев мәселені жан-жақты зерделеп, оңтайлы шешім қабылданады деді.

Бауыржан Әлтеев

қоғамдық кеңес төрағасы

Кардио орталықтың мәселесі жеке азаматтардың емес, халықтың мүддесі үшін шешілеріне сенім артамыз.

Азиза Мадиярқызы

Сұлтан Бақытжанұлы

13KZ ақпарат агенттігі

 

Previous Post

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Next Post

Мереке қарсаңында жас ақындар айтысы өткізілді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі