Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беру қажеттігі бойынша тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам» жаңа партиялық жобаларын іске қосты.
Осы ретте, «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Ж.Қошанов «Құқықтық көмек», «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру, сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсету мақсатында меморандумын бекіту тапсырылған болатын.
Осыған байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында ынтымақтастық меморандумына келісу және қол қою рәсімі өтті.
Меморандум аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Д.Үмбеталиев, Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы М.Е.Нұрахаев, Түркістан облысының әділет департаментінің басшысы М.Б.Тұрғараев және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиал басшысы Б.М.Басымбек пен Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасы атынан әрекет етуші А.А.Оракбаева, Түркістан облыстық адвокаттар алқасынан Қ.У.Қамбаров бірлесіп қол қойды.
Енді аталған бірнеше тараптар бірлескен кеңестер өткізуге, ынтымақтастық бағыттары бойынша бірлескен жұмыс топтары мен сараптамалық комиссиялар құруға және ақпарат алмасуды жүзеге асыру мен партияның өңірлік және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдауларына азаматтарды бірлесіп қоғамдық қабылдаулар жүргізу мен партияның қоғамдық қабылдауларына көмек сұраған азаматтарға тегін білікті заңгерлік, құықтық көмектер көрсету бойынша ортақ жұмыстар атқаратын болады.
©️ «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі