13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САРЫАҒАШ: ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2 мая, 2023
in Uncategorized
0
САРЫАҒАШ: ҒЫЛЫМИ ЖОБА КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында аудандық ғылыми жобалар конкурсы ұйымдастырылды. Байқау №4 Ю.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде – орыс тілі мен әдебиеті, тарих, өлкетану, шет тілдері, физика, техника, жер және ғарыш, этномәдениеттану секциялары бойынша өтті.

Бұл жоба өңіріміздің әлемдік білім кеңістігіне ену кезеңінде мектеп оқушыларын халықаралық деңгейдегі озық үлгілерді үйреніп, қолдануға және жасампаз болуға итермелейді. Жаңартылған мазмұндағы оқулар талабына сай, оқушылар шынайылықты бойына сіңіріп, ғылыми дамуды үйренеді, ғылыми тілде сөйлеуді, оқыған әдебиеттердегі оқиғаларды пайымдауды, әр тақырыптан өзекті мәселелерді табуды, түрлі тәжірибелер жасауды, ойларын қорытындылап, тұжырымдар жасауды үйренеді. Мектеп қабырғасында оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуға баулу, зерттеу кезінде инновациялық жаңалықтар іздеп табу дағдыларын қалыптастыру мәселесі ақсап тұр. Сол себепті аталған бағдарламаның негізгі мақсатына сәйкес оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ғылыми жұмыс жазу қабілетін және зерттеу жұмыстарын жасау құзыреттілігін қалыптастыру аса маңызды. Оқушының таңдалған тақырыпты зерттеп, өз бетімен ізденіп, ғылыми жоба жазуына нақты бағыт- бағдар берілуі тиіс. Өйткені, ғылыми жобаны жазу – қазіргі таңда мектептерде аса өзекті мәселе. Ол үшін мектеп қабырғасында оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жүйелі қалыптасу керек, яғни арнайы элективті курстар енгізілуі тиіс. Егер нақты ережесін, бағыт-бағдарын білсе, ғылыми жоба жазуға, болашақта мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына түскен соң, барлық оқушылардың өздеріне сенімділігі артып, дипломдық жұмыстар, ғылыми жобалар, мақалалар жазуға бейім болады. Сонымен қатар әр оқушының сөздік қоры жаңа сөздермен толығып, тілдік қоры байи түседі. Бұл 34 сағаттық бағдарламаны оқыған жасөспірімнің әдебиетті де, тілді де сүйіп оқыры сөзсіз. Ондай бала, қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұрған кітап оқуға да бейім болады.

Айта кетсек, №71 жалпы орта білім беретін мектебінде – қазақ тілі мен әдебиеті, математика, информатика, қолданбалы математика, экономика, химия, биология, қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау секциялары бойынша ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру болып табылады.

Previous Post

ЖЕТІСАЙ: РЕСПУБЛИКАҒА ТАНЫМАЛ 100 МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНА ЕНГЕН МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН «ӨЛКЕТАНУ-ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі