13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 10 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: 10 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

1,2 миллиард теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Шымкент қаласының аз қамтамасыз етілген 9437 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы брифинг барысында мәлімдеді. Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. Бұл аталмыш әлеуметтік көмек төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:
— аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай төлем;

— жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар, яғни оқытуға, жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, грант беруге және тұрақты жұмыс орындарына жолдама беру;

— табысы аз отбасылардың құрамындағы 1-6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама монетизацияланды. Бұл дегеніміз ақшалай түрде әр балаға 5 175 теңге (1,5 АЕК) түрінде әр алушының жеке есеп шоттарына жіберіледі. Атаулы әлеуметтік көмекке және кепілдендірілген әлеуметтік топтамаға 2023 жылға бюджеттен 10,4 миллиард теңге бөлінген. 2023 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 9 437 отбасыға (47 751 адам) тағайындалып, 1,2 миллиард теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2023 жылы мүгедектігі бар азаматтарға қолдау шараларын көрсету үшін бюджеттен – 7,3 миллиард теңге қарастырылған. Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді. Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, әлеуметтік такси қызметі 2023 жылдан бастап ай сайын 5 АЕК немесе 17 250 теңгеден есеп шоттарына аударылуда. Әлеуметтік портал мен ЭЦК-мен жұмыс жасау үшін мүгедектігі бар азаматтарға басқарма ғиматарында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамасы ұйымдастырылған және Басқарма қызметкерлерімен әрбір адамға жеке-жеке көмек берілуде.

Previous Post

Ұлттық жоба: Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендейді

Next Post

Шымкентте 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі