13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық жоба: Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендейді

28 апреля, 2023
in Жаңалықтар
0
Ұлттық жоба: Шымкентте жұмыссыздық деңгейі төмендейді
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2022 жылдың қорытындысымен қаламызда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 448,5 мың адамды құрады. Шымкент қаласында 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасын іске асыру арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың қорытындысымен қаламызда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 448,5 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады.

Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттырудың бірден бір жолы ол «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасының іске асырылуы және жаңадан құрылған жұмыс орындарына азаматтардың жұмысқа жолдануы. Бұл бағыт бойынша 2022 жылы 57,2 мың азаматты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыруды жоспарланған болатын. Оның ішінде 33500 адам 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы бойынша, 23,7 мың адам қалада іске асырылып отырған ұлттық жобалар және жеке бастамамен құрылатын жұмыс орындары.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Жолдау аясында жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% жеңілдетілген шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылатындығын айтты. Осы ретте, Шымкент қаласы бойынша 261 жасқа 2,5%-бен жеңілдетілген шағын несие беру жоспарланып, оған республикалық бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Шағын несие өндірісті дамытуға және өнім шығаруға арналған кәсіпкерлік бағытына 5 жылға, ауыл шаруашылығы саласына 7 жылға 5,0 миллион теңгеге дейін берілетін болады. Сенімді өкіл (агент) ретінде «Агронесие корпорациясы» АҚ белгіленіп, 2023 жылдың 17 наурызында «Агронесие корпорациясы» АҚ-ы және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арасында тапсырма шарт түзілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: «БИЗНЕС БАСТАУ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП АШҚАН «ҚАРА БАТЫРДЫҢ» ЫДЫСТАРЫНА ШЕТЕЛДЕН СҰРАНЫС КӨП

Next Post

ШЫМКЕНТ: 10 мыңға жуық отбасыға АӘК тағайындалды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі